Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АРТА сараптама комиссиясы: үшінші күн

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) сыртқы сараптама комиссиясы (ССК) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы жұмысын аяқтауда.

Естеріңізге сала кетсек, мамандандырылған аккредиттеу аясында мына білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтті: 5В011000 - «Физика», 6М011000 - «Физика», 6М060400 - «Физика», 5В010900 – «Математика», 6М010900 - «Математика».

Бүгін, 14 қыркүйекте, АРТА сыртқы сарапшылары мамандандырылған аккредиттеу аясында математика, физика және технологиялар кафедрасының филиалы – «ТехноАналит» ЖШС-де, сондай-ақ, практика базаларында: А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында, №32 орта мектепте болды.

Аккредиттеудің үшінші, соңғы күні АРТА ССК-нің ЖОО ректорымен және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен қорытынды кездесуі өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo