С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі сыртқы сараптама комиссиясы өз жұмысын бастады.
Мамандандырылған аккредиттеу аясында төмендегі білім бағдарламаларын аккредиттеу жоспарлануда: 5В011000 - «Физика», 6М011000 - «Физика», 6М060400 - «Физика», 5В010900 - «Математика», 6М010900 - «Математика».
Бірінші күні сарапшылар университет ректоры М. Төлегенмен, проректорлар Ғ. Сералинмен, А. Мырзағалиевамен, И. Ровняковамен кездесті.
Сондай-ақ, олар ғылыми кітапханада, №1 оқу ғимаратының спорт залында, «Парасат» СҚКО-да, №7 және №8 оқу ғимараттарында болды.
Комиссия мүшелері Біліктілікті растау орталығымен, «Назарбаевтану», «Зияткер», «Рухани жаңғыру» орталықтарымен, «Алтай жастары» телестудиясымен де танысты.
Комиссия жұмысы 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото https://cloud.mail.ru/public/K867/BxByDpb1D
Баспасөз қызметі