Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Аса көрнекті биолог-ғалымдар» электронды презентациялар сайысының қорытындысы

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті әдістемелік кеңесінің ашық есіктер айының бағдарламасы аясында 15 наурызында биология кафедрасында атақты биолог-ғалымдарға арналған  электронды презентациялар сайысы өтті.

Сайысқа 5В011300-Биология, 5В060700-Биология мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты.

Сайыстың басты мақсаты: биологиялық ғылымдар тарихына қызығушылық ояту, ғалымдардың өмірі мен тыныс тіршілігі ғылымның дамуындағы маңызды фактор, ал олардың биографиясы ғылым тарихының негізгі бөлігі, студенттерде ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Бұл сайысқа 1-3 курс студенттері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әр елдің және әр кезеңнің атақты биолог - ғалымдар туралы баяндама дайындады.  Аталған іс-шаранының өткізілу барысында және дайындық кезеңінде студенттер үлкен қызығушылық танытты.

Студенттер өз ойларымен бөлісу барысында электронды презентацияны әзірлеу арқылы  атақты биолог-ғалымдар туралы көптеген жаңа және қызықты мәлімет алып, өз бетінше ойлауды, алған білімдерін креативті жеткізуді үйренгенін, сонымен қатар ақпараттық ресурстарды сауатты техникалық орындау  дағдыларын қалыптастырғандарын атап кетті. Ең бастысы студенттер үшін көпшілік алдында сөйлеу үлкен тәжірибе болды.  

Сайыс жұмыстары  келесідей талаптар бойынша бағаланды: тақырыпқа сәйкестілік, ақпараттылық, креативтілік, сөйлеу мәнері. Әділқазылар және биология кафедрасының оқытушылары сайысқа қатысушылардың құлшынысын, ағылшын тілін жетік меңгеруін және жоғары деңгейдегі дайындықтарын атап өтті.

Сайыстық жұмыстар  шығармашылығымен, қайталанбастығымен ерекшеленді. Сайыс қорытындысы бойынша: І орын  иегері 5В060700-Биология мамандығының 2-курс студенттері Төлеуғазы Б., Жунусова Э. ; ІІ орын  иегері 5В011300-Биология мамандығының 2-курс студенті Рамазанов Ә.; 3- курс студенті Оқасова А.; ІІІ орын  иегері 5В060700-Биология мамандығының 3-курс студенттері Солотенков С., 5В011300-Биология мамандығының 3- курс студенттері Жұмабаева С., Дәнебекова А., 2-курс  Шамшидин А., Қоянбаева Ұ.; 1-курс  Манеж С.,Айтказинов Қ.

Биология кафедрасы сайысқа қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіреді және жеңімпаздарды құттықтайды.

Келешекте сәттілік тілейміз!

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo