Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ashуq suhbat» бағдарламасында Эрик Фридман қонақ болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» студенттер телерадиокешенінің «Ashyq suhbat» бағдарламасында Мичиган штаты университетінің профессоры, журналист Эрик Фридман қонақ болды.

Сұхбат барысында профессор басынан өткерген қызық оқиғаларымен бөлісіп, журналист этикасы, БАҚ-тағы жауапкершілік, экожурналистика орталықтары туралы өз пікірін білдірді.

– Журналист әлемді өзгертетін мамандар қатарында. Сондықтан болашақ журналистер өз кәсібінің майталманы болуы тиіс. Әлеуметтік, экологиялық жағдай, саясат, білім, мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. Әлемдік экологияға келер болсақ, әр жерге экологиялық орталықтар ашу қажет, – деп ойымен бөлісті Эрик Фридман.

Сұхбат еркін өтіп, студеттер тұшымды ой түйіп, маңызды мәліметтер алды.

Сұхбаттан соң профессор тілек кітпашасына жылы лебізін қалдырды.

Гүлсезім Шайхынова,

журналистика мамандығының 4 курс студент

Қазақ
× You found a Typo