- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Астананың 20 жылдығына орай Биология мамандығының 1 курс студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мерекелік шара өткізді.
Мерекеде Дінислам Ергеш, Жібекжан Сембинова, Валерия Чернова ән шырқап, Асылзат Жаушыбек күй шертіп, Тұрдыгүл Шыныбекова мен Тимурбек Нұриддинов Астана мен туған жерге деген өз шығармаларын арнады. Барлық курс студенттері би биледі.
Мерекеге қонақ ретінде 4 курс студенттері шақырылды. Кафедра оқытушылары жылы лебіздерін білдіріп, факультет деканы Досым Ерболатұлы озат студенттерге алғыс хаттар табыстады.
Іс-шараға Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті биология кафедрасының кураторлары Г. Көмекова мен А. Оразов жетекшілік етті.
Биология кафедрасы