Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Астана қаласында Бизнес-инкубаторлар форумы өтті

Жуырда Астана қаласында Forte Bank пен Назарбаев Университеті базасында Бизнес-инкубаторлар форумы болып өтті.

Форумды білім министрлігінің жауапты хатшысы, «Болашақ» түлектері, ЖОО-лар қауымдастығының төрағасы Арын Орсариев ұйымдастырды. Іс-шара Startup Bolashak «Менің арманым» республикалық жобалар байқауы аясында өткізілді. Университетімізден форумға Технологияларды коммерциализациялау кеңсесінің сатартап жобалар маманы Маржан Түменбаева қатысты.

Форумның басты тақырыбы – «Қазақстандағы стартап жобалар мен инновациялар экожүйесі».

Іс-шара ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Орсариевтың құттықтау сөзінен бастау алды. Негізгі спикерлер құрамында Arman Holding КТ негізін қалаушы əрі президенті Серікбай Бисекеев, ҚР қалпына келетін энергетика ассоциациясының директоры Арман Қашқынбеков, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің мүшесі Дәуіржан Ауғамбай жəне басқалар болды.

Бизнес-инкубаторлар ассоциациясын құрудың алғышарттары мəселесі – іс-шараға орайластырылған маңызды тақырыптардың бірі болды.

Аталмыш ассоциацияның құрылуы нормативтік базаның болмауы, инкубаторлар қызметінің ерекшелігін түсінудегі осалдық, нетворкинг жəне ресурс алмасудың қажеттілігі, сондай-ақ мемлекет төңірегінде бизнес-инкубаторлар мүдделерін қолпаштау сынды көптеген сауалдардың шешімі болмақ.

Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі

Қазақ
× You found a Typo