- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Елордадағы «Астана-Тұран» университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г. Рахымбаева С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика мамандықтары студенттеріне қазіргі қазақ әдебиетіндегі жас ақын-жазушылар шығармашылығы тақырыбында дәріс оқып, кафедра оқытушыларымен тәжірибе алмасты.
Академиялық ұтқырлық ғылым мен жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуін қамтамасыз етеді. Қазір академиялық ұтқырлық тек әр ел ЖОО-лары арасындағы студенттермен алмасуды ғана емес, ғылыми-мәдени ресурстарымен, оқыту технологияларымен алмасуды көздейді.
Білім бағдарламаларының сапасын арттыру үшін оқытушылар да академиялық ұтқырлық процесіне қатысуы қажет. Сәуір айында ШҚМУ доценті, ф.ғ.к. А. Әлімхан «Астана-Тұран» университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқиды. Мұндай алмасулар оқытушылардың ғылыми-кәсіби құзіреттілігін кеңейтеді.
Қ. Барбосынова,
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы