Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Аталымдар-2019: ШҚМУ өткен жылда

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрі бар. Біздің қорытынды сайттағы жарияланымдар нәтижесі бойынша жасалды, үздіктердің үздігі, сонымен қатар университетте өткен жылдың ең жарқын әрі есте қалар оқиғалары анықталды.

Жыл таңдауы

*ШҚМУ студенттері мен оқытушылары Президент сайлауына белсенді қатысты. Барлығы 2955 студент пен магистрант және 703 оқытушы мен қызметкер дауыс берді.  

Жыл жаңалығы

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатты шарада студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды.

*Жыл басында ШҚМУ-да жалақы 30%-ға өсті.

Жыл цифрлары

*Осы оқу жылында ШҚМУ мамандарды 95 білім беру бағдарламасы бойынша даярлады.

*ШҚМУ 10 оқытушысы ағылшын тілін меңгеру бойынша халықаралық CEFR тестін тапсырды.

*ШҚМУ-да жаңа оқу жылында 23 жаңа білім беру бағдарламасы пайда болады.

*ШҚМУ 220-дан астам магистрге диплом тапсырылды.

*ШҚМУ-дың 3 магистранты 2 оқу орнында – ШҚМУ мен АлтМУ-да (Ресей) диссертация қорғады.

*ШҚМУ-да қосдипломды білім беру аясында Алтай мемлекеттік университетімен және Томск мемлекеттік университетімен 4 бірлескен білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

*ШҚМУ-да 4 білім беру бағдарламасы бойынша сабақтар ағылшын тілінде өтеді.

*ШҚМУ ректоры Арыс қаласының түлектеріне 10 грант бөлді.

*ШҚМУ студенттерінің оқу үлгерімі 1,4%-ға өсіп отыр.

*Іс-тәжірибе өткізу үшін ШҚМУ өңірдегі кәсіпорындармен және мекемелермен 435 шарт жасасқан.

*ШҚМУ-ға «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 30 жаңа оқулық келіп түсті.

*ШҚМУ-дың «PARASAT» орталығы студенттерге 30 түрлі қызмет көрсетеді.

*ШҚМУ 5 халықаралық бағдарлама бойынша ынтымақтастық орнатқан.

ШҚМУ оқытушылары мен білім алушыларының академиялық ұтқырлықтары серіктес-университеттермен және Erasmus+, DAAD, ITEC,  Goethe-Institute сияқты халықаралық шәкіртақылық бағдарламалармен ынтымақтастық бағдарламалары бойынша іске асырылады. Ағымдағы оқу жылында ШҚМУ түріктің MEVLANA бағдарламасымен белсенді жұмыс істей бастады.

*ШҚМУ кітапханасында 1 миллионнан астам кітап бар.

*Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, Экономика және құқық, Тарих, филология және халықаралық қатынастар, Психология, педагогика және мәдениет факультетерінің 15 мұғалімі CEPT (Cambridge English Placement Test) тестін сәтті тапсырды.

Жыл рейтингі

*ШҚМУ ARES әлемдік рейтингінде 6 орын алды.

*ШҚМУ Қазақстан ЖОО-ларының 122 сайты арасынан 20 орын алды.

*ШҚМУ Ұлттық бизнес-рейтингісінің көшбасшысы атанды, саланың ТОП-15 үздік өкіліне еніп, «Білім беру мақтанышы-2018» атағын иеленді.

*ШҚМУ ел ЖОО-ларының бас рейтингісінде 7 орын алды.

*Еліміздегі үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының 2019 жылға арналған ұлттық рейтингісінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 43 пайыз жинап, 6 орынды иеленді.

*Webometrics RANKING WEB OF UNIVERSITIES халықаралық рейтінгінде Қазақстан Республикасының 121 университеттерінің сайттары арасында ШҚМУ 24 орынды иеленді. 

Жыл аккредитациясы

*Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA) ШҚМУ-дың 5 жылға аккредиттелгені туралы хабарлады.

*Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) IAAR Аккредиттеу кеңесінің отырысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 16 білім беру бағдарламасы аккредиттелгенін хабарлады. Білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

Жыл сапары

*Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік делегация С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында Өскемен қаласы жұртшылығымен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

*Қытайдың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй қытайлық делегациямен бірге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да болып, ректор М.Ә.Төлегенмен және университетте оқып жатқан қытайлық студенттермен кездесті.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шяуляй мемлекеттік университеті (Литва) арасындағы былтыр жасалған өзара түсіністік меморандумы аясында литвалық университет делегациясы ШҚМУ-дағы дөңгелек үстелге қатысты.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға Мәжіліс депутаттары Василий Олейник пен Геннадий Шиповских келді.

* ШҚМУ ректоры Корея Республикасы елшілігі жанындағы Білім беру орталығының директоры Нам Хен У-мен және Пусан ұлттық университетінің еріктісі Ким Ми Хянгпен кездесу өткізді.

*Үндістанның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы, Свами Вивекакананда атындағы мәдениет орталығының директоры Санджай Гарг С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға келді. 

* ШҚМУ Аризона штаты университетінің философия докторы, сертификатталған аудитор Уадия Атия (АҚШ), Berry Riddell  LLC компаниясының заңгері Хью Холлман (АҚШ) және Қазақ-Америка еркін университеті мансапты және тұлғаны дамыту орталығының директоры А. Астафьева болды.

Жыл мерейтойы

*Университеттің бұрынғы проректоры, профессор Геннадий Иванович Мостовенко 70 жасқа толды.

* ШҚМУ құрметті профессоры Иван Аникеевич Полтаранин 80 жасқа толды.

*ШҚМУ ректоры университет ардагері Л. Әубәкірованы 80 жылдығына орай Абай атындағы медальмен марапаттады.

Жыл тағайындауы

*ШҚМУ түлегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Ел Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

*ШҚМУ түлегі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

*ШҚМУ түлегі қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Өскемен қаласы әкімінің білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаларға жетекшілік ететін орынбасары болып Серік Жеңісов тағайындалды.

*ШҚМУ-дың екі түлегі прокурор лауазымына тағайындалды.

Ерлан Баденбаев мамандандырылғантабиғат қорғаупрокуроры, Александр Акулов Риддерқаласының прокуроры лауазымдарына тағайындалды.

*ШҚМУ түлегі Нұрбек Мұхаметқалиұлы Бекенов «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жыл меморандумы

*ШҚМУ мен Гданьск университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Маруа университеті (Камерун Республикасы) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Тынық мұхит мемлекеттік университеті (Хабаровск, Ресей) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

*ШҚМУ мен Нойда халықаралық университеті (Үндістан) өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қойды.

*ШҚМУ мен ШҚ ауыл шаруашылық колледжі ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

*ШҚМУ мен Алтай Жоғары колледжі арасында меморандум жасалды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шығыс Қазақстан облыстық соты арасында Студенттік медиация мектебін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

*25 қазанда, Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күні (1990 жылы) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Әділет департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

*ШҚО Полиция департаменті мен ШҚМУ ынтымақтастық меморандумын жасасты.

*ШҚМУ мен Қарағанды ІІМ академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

*ШҚМУ мен ШҚ аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы меморандум жасасты.

* ШҚМУ мен Бородулиха ауданы әкімдігі меморандумға қол қойды.

* ШҚМУ мен облыстық сот арасында меморандум жасалды.

* ШҚМУ мен Күршім аудандық әкімдігі арасында меморандум жасалды.

Жыл шарты

*ШҚМУ мен О. Кутафин атындағы ММЗУ ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

*ШҚМУ мен Ұлан ауданы Мамай батыр ауылындағы М. Ломоносов атындағы орта мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

*ШҚМУ мен Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі білім беру қызметі саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шарттың қосымша келісіміне қол қойды.

*ШҚМУ мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

*ШҚМУ мен В. Белый атындағы институт (Беларусь) ынтымақтастық шартына қол қойды.

* ШҚМУ мен Шяуляй университеті (Шяуляй қ., Литва) бірлескен ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие, қоғамдық-мәдени қызметті дамыту мақсатында ынтымақтастық шартына қол қойды.

*ШҚМУ мен «ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативі ғылым мен білім саласындағы әріптестікті одан әрі дамыту, университет түлектерін дайындау сапасын арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

Жыл келісімі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Ресейдің дене шынықтыру, спорт, жастар және туризм мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы) ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Жыл оқиғасы

*ШҚМУ-да Ж. Аxмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті ашылды.

*ШҚМУ-да Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды.

*ШҚМУ-да қабылдау комиссиясының жаңа форматтағы фронт-кеңсесі ашылды.

*ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия дәрісханасының ашылу рәсімі.

*Жастар жылына орай ШҚМУ-да Алексей Трунов атындағы фитнес орталық ашылды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет пен Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банктің қолдауындағы бірлескен жобасы – Robolab оқу-роботты техникалық зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

*Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде бес компьютерлік сынып ашылды. №7 оқу ғимаратының бес ІТ-сыныбына 50 компьютер орнатылған.

* №5 оқу ғимаратында жаңа студенттік асхана ашылды.

Жыл лауреаты

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасының аға ғылыми қызметкері Альмира Михайловна Жилкашинова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды.

Жыл таңдалымы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылым академиясының сессиясы өтті. Сессия қорытындысы бойынша ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген академик, ал университеттің екі оқытушысы мүше-корреспондент болып таңдалды. 

Жыл профессоры

*Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының президенті А. Құсайынов ШҚМУ-дың Құрметті профессоры атанды.

Жылдың шетелдік профессоры

* ШҚМУ-да дәріс оқыған Маруа университетінің (Камерун) профессоры Дауэ Амадоу университетте фитозертхана ашуды жоспарлап отыр.

* Мичиган (АҚШ) университетінің профессоры, журналист Эрик Фридман ШҚМУ-да дәрістер оқып, кеңес берді.

* Трипхувана (Непал, Катманду) университетінің профессоры Ачиут Атхикари ШҚМУ химия кафедрасында дәріс оқыды.

*Вроцлав ғылым және технология университетінің белгілі PhD докторы Leszek Latsk (Вроцлав қ., Польша) Инженерия және техология кафедрасындағы материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығының 2-4 курс студенттеріне арнап дәріс оқыды. Студенттер «Дәнекерлеу технологиясындағы жаңалықтар», «Жабындының механикалық қасиеттері», «Жабындының трибологиялық қасиеттері», «Жабынды-микроқұрылымдардың сипаттамасы, химиялық және фазалық құрамы» шолу дәрістерін тыңдап үлгерді.

* ШҚМУ-да Үскүдар (Ыстамбұл, Түркия) университетінің профессоры Абульфаз Давуд оглы Сулейманов психология, этнопсихология бойынша дәрістер оқыды.

*Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, заң ғылымының докторы Лев Бертовский С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Жыл марапаты

*ШҚМУ ректоры университеттің тұңғыш ректоры Е. Мәмбетқазиевке С. Аманжолов атындағы медальді табыс етті.

*Ішкі істер министрі ШҚМУ ғалымы Қ. Рахымбердинді грамотамен марапаттады.

Заң ғылымдарының докторы, қылмыстық құқықтық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті, Ішкі істер органдары қызметінің мәселесі бойынша қоғамдық кеңес мүшесі Қуат Қажымұқанұлы кеңестегі белсенді қызметі үшін ІІМ-нің құрмет грамотасымен марапатталды.

* Проректор Ирина Владимировна Ровнякова Ресей Бас консулдығының Өскемендегі вице-консулынан алғыс хат алды.

*Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізген «Ұлттық бірлік және келісім – рухани жаңғыру негізі» байқауының жеңімпаздары қатарында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жанна Әубәкірова бар.

* Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Галина Полторжицкая Ресей мәдениет министрлігінен алғыс хат алды.

* «Экология» мамандығының 3 курс студенті Еркежан Тоқтасын республикалық конкурста «Жылдың үздік студенті» атанып, «Жас қыран» кітабына енді. «Экология» мамандығының 3 курс студенті Анель Бауыржанова республикалық конкурста «Үздік студент-2018» медалімен марапатталып, «Жас қыран» кітабына енгізілді.

*«WorldSkills Shygys-2019» өңірлік чемпионатында Жоғары колледж студенті Милена Котельникова диплом иеленді. 

*ШҚМУ оқытушыларыӘйгерим Тоқтасынова, Күнайгүл Қабдысалым, Галина Смолина «Термодинамика заңдары» бейнедәрісі үшін 3 орынға ие болды.«Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер байқауының «Жоғары білім беруде оқытудың заманауи технологиялары» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

*Ішкі істер министрі ШҚМУ ғалымы Қ. Рахымбердинді Құрмет грамотасымен марапаттады.

*ШҚО ҚХА облыстық конкурсының жеңімпазы – Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ж.С. Әубәкірова.

*ШҚМУ оқытушысы Галина Ивановна Полторжицкая Ресей мәдениет министрінен Алғыс хат алды.

* Экономика және басқару кафедрасының доценті Ғ.Қ. Қойшинова «Қазақстан педагогы-2019» республикалық педагогикалық байқауында «Үздік педагогикалық жоба» аталымы бойынша екінші орын алды.

Жыл құжаты

ШҚМУ түлектеріне алғаш рет еуропалық үлгідегі Supplement дипломға қосымшасы беріле бастады.

Жылдың білім беру бағдарламасы

*16 білім беру бағдарламасы IAAR кеңесімен 5 жылға аккредитацияланды.

*«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингі қорытындысы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы үшінші орын алып, алғашқы үздік үштікке енді.

*Осы оқу жылынан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында «компьютерлік мехатроника» тәжірибелік білім беру бағдарламасы ашылды.

*ШҚМУ-да «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Омарта және марал шаруашылығы» білім беру бағдарламалары ашылды.

Жыл пәні

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жаңа оқу жылынан бастап «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы аясында «Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы» жаңа пәні енгізілді.

*ШҚМУ-да жаңа оқу жылынан бастап «Қоғамға қызмет ету» атты жаңа пән енгізілді.

*ШҚМУ ғалымдары «Инклюзивті білім беру» пәнін әзірлеп шықты. Осы жылдан алғаш рет түлектерге Supplement дипломына қосымшасы беріле бастады.

Жыл курстары

*ШҚМУ-да сабақты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүргізетін оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

*ШҚМУ студенттері алғаш рет «аспаз» және «тігінші» мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстардан өтті.

Жыл оқулығы

*Польшаның Люблин қаласындағы Иоанн Павел ІІ атындағы Католиктік университетте академиялық ұтқырлық аясында оқыған ШҚМУ студенті Ерасыл Мұхаметқалиев Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай ағылшын тіліндегі математикалық есептер жинағын шығарды.

*Қытай Халық Республикасы Қазақстан тарихын зерттеу үстінде. Тарих ғылымдарының докторы А.Н. Алексеенко қытай тіліне аударылған оқулықтың авторы атанып отыр.

Жылдың оқу құралы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Берел» баспасынан Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының мамандары Айжан Қартаева, Бердібек Бияров, Айгүл Әлімхан, Аида Айтмұқашованың «Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы» оқу құралы жарық көрді.

Жыл кітабы

*Абай жазған «Қарамол ережесінің» түпнұсқасы Қазан университетінен (Татарстан, Ресей) әкелініп, Абай мерейтойына арналған конференция аясында көрмеге қойылады. Келіссөздерді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген жүргізді.

*ШҚМУ-да 145 жыл бұрын шығарылған сирек кітаптың көрмесі ашылды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының сирек кітаптар залына «Бір кітап көрмесі» жобасы аясында 1874 жылы 40 данаболып шығарылған Николай Гогольдің «Вечера на хуторе близ Диканьки» суретті кітабы қойылды.

*Жуырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Маратбек Ақановтың «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» атты кітабы басылып шықты.

*ШҚМУ-да Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің музыкалық мәдениетін дамытудағы рөлі туралы кітап жарық көрді, онда музыкалық білім кафедрасының профессорлары М.Д. Мужчиль, А.Б. Нұрғожина,  У. Жүнiсов әзірлеген «Елбасы сүйіп тыңдайтын әндер» кітабының тұсауы кесілді.

Жыл жарияланымы

*«Заманауи білім» («Современное образование») журналының осы жылғы алғашқы саны шықты. №1 (114) журналдың «Мұқабадағы бейне» айдарында «Мұхтар Төлеген: Жастар шығармашылығына – кең өріс!» атты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорымен сұхбат жарияланған.

Жыл ынтымақтастығы

*Еуроодақ ШҚМУ-дың стартап жобасы бойынша әріптестік орнатуды ұсынды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Өндірістік су қалдықтарын тазартуда жасыл технологияларды қолдану» жобасы бойынша Еуроодақ халықаралық ғылыми-техникалық орталығының жобалар жөніндегі бас кураторы Грэм Фриттен ынтымақтастық туралы ұсыныс түсті.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 2018-2019 оқу жылынан бастап Philip Morris International және Adidas халықаралық компанияларымен ынтымақтастықты бастады.

Жыл жобасы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Erasmus+»: «STEM-бағытындағы мұғалімдерді дайындаудың кіріктірілген амал-тәсілдері» бағдарламасы бойынша ірі халықаралық жобаны іске асыруда.       Халықаралық жобаны іске асыруға Еуропаның 9-дан астам елі қатысуда. Осы жоба аясында STEM-зертхана құру жоспарланып отыр.

*ШҚМУ-дың жеті студенті «Менің арманым» республикалық байқауының іріктеу кезеңінен өтті.

Жыл конференциясы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Медиация – заман талабы» халықаралық конференциясы өтті, оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан медиаторлары қатысты.

*ШҚМУ-да «Қазақстандағы және шекаралас аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер» XVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыөтті.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., РФ) және Новосібір мемлекеттік университеті (РФ) оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Өлкетану оқулары» ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақстан жастарын тәрбиелеу контекстіндегі ғылым және білім» тақырыбында «Аманжолов оқулары-2019» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Жыл қонағы

*1999 жылы ШҚМУ-да тіл тәжірибесінен өткен Мажарстан азаматы Янош Майор ШҚМУ-ға келді.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қазақ филологиясының магистрі дәрежесін және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолынан диплом алған Дэниел Бэлласт ШҚМУ-да болды.

*А. Герцен атындағы Ресей педагогикалық университетінің делегациясы ШҚМУ-да 1 апта болды!

* «Co-Music» және «SULU» негізін қалаушы кәсіпкерлер оқу орнында қонақ болды.

*БҒМ тарих институтының ғылыми қызметкері, тарихшы Қанат Енсенов ШҚМУ кітапханасынан Қабанбай батыр туралы мәліметтер алды.  

Жыл кездесуі

*Ел Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әлия Сапарова ШҚМУ-да құрметті қонақ болды.

*ШҚМУ жастары Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімовпен кездесті.

*ШҚМУ-да студенттер мен оқытушылардың халық әртісі, пианист Жания Жақияқызы Әубәкіровамен шығармашылық кездесуі болып, жиында өнер саңлағының «Вариации на темы…» кітабы таныстырылып, фортепьянолық концерті өтті. 

*ШҚМУ-да жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті.

*Қол күресінен бірнеше дүркін облыс, ел, Азия, әлем чемпионы, еңбек сіңірген бапкер, Спорт саласының құрметті қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының доценті, Қазақ аграрлық университетінің құрметті профессоры Мұхамедолла Ағзамов студенттермен кездесті. ШҚМУ ғалымы қол күресін дамытуға қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік армрестлинг лигасының белгісімен марапатталды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жастар аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен жүздесті.

*ШҚМУ студенттері танымал ақын, Жазушылар одағының мүшесі, «Шалқар» радиосының директоры Қалқаман Саринмен кездесті.

* ШҚМУ-да ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері құқықтану мамандығының студенттерімен кездесті.

Жыл таныстырылымы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Зейнолла Самашевтың «Берел  – қазақ Алтайындағы көне көшпенділер мәдениетінің тарихында», Әбдеш Төлеубаевтың «Ертесақ Шілікті мәдениеті» монографияларының тұсаукесері өтті.

*ШҚМУ студенттері «Шығыс Қазақстанның киелі жерлер цифрлық форматта» жобасын таныстырды.

Жыл мерекесі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кең ауқымда Наурыз мейрамын тойланды, мерекеге 4 киіз үй тігіліп, 2 мыңнан адам қатысты.

Жылдың жас ғалымы

*«Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы» – ҰПҰҒЗ кіші ғылыми қызметкері Қантай Нұрғамит, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы» – Савелий Мужчиль.

Жылдың ғылыми жетекшісі

*О. Бөкей атындағы №44 мектептің 10 сынып оқушысы Әлібек Темірлан «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2019 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының ІІІ дәрежелі дипломын және қола жүлдесін иеленді. Оның жетекшісі – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасына қарасты Биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Н. Кузьмина.

*Күршім ауданы Гагарин атындағы мектептің оқушысы А. Золотавина «Зерде-2019» зерттеу жобаларының және шығармашылық жұмыстардың 14-ші республикалық байқауының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды, жобаның ғылыми жетекшісі –ШҚМУ профессоры С. Нұрғалиева.

*Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Жәнібек Шапатов ғылыми жобалар республикалық конкурсының «Қолданбалы математика» бағыты бойынша 3 орын иеленді. Оқушының ғылыми жобасын қадағалауды Сандық технологиялар және модельдеу зертханасының меңгерушісі, PhD докторы Әлия Нұғыманова жүргізді.

Жыл олимпиадасы

*ШҚМУ командасы дефектология бойынша ХІ республикалық студенттер олимпиадасында 1 орын алды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы география бойынша ұлттық пәндік олимпиадада 1 орын алды.

*ШҚМУ студенті  Ерасыл Фарамуразфизика пәнінен республикалық олимпиадада бірінші орын алды.

*ШҚМУ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2-3 курс студенттері командасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша XI республикалық студенттік пәндік олимпиадада екінші орын алды.

*Халықаралық олимпиадада ШҚМУ студенті Адал Талғар қытай тілі бойынша 2 орын алды, Әйгерім Тайшыман ағлышын тілінен, Дарья Скуратов неміс тілінен дипломдар алды.

* Жамбыл атындағы гимназия оқушысы Нариман Қайырбеков Ресейде өткен олипмиадада 1 орын алды, жетекшісі ШҚМУ оқытушысы Ақатан Қыдырмолла.

*ШҚМУ-дың үш студенті кәріс тілінен облыстық олимпиадада жүлделі орындар алды.1 орынды 2 курс студенті Шырын Қайыркен, 2 орынды 2 курс студенті Ақбота Қайратова, 1 курс студенті Аяулым Тұрсынханова иеленді.

*ШҚМУ құқықтану білім бағдарламасының студенттері конституциялық өндіріс бойынша республикалық олимпиадада 2 орын алды, ал үш студент бірден үш аталымда жеңімпаз атанды.

*НЗМ оқушысы Әнуар Майдан халықаралық химия олимпиадасында 1 орын алды, жетекшісі – ШҚМУ ғалымы Б. Тантыбаева.

*ШҚМУ ректоры «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» олимпиадасының жеңімпазына грант табыстады

Өлкетану бойынша олимпиаданың жеңімпазы – 11 сынып оқушысы Ж. Жеңісбековаға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры университетке оқуға грант тапсырды.

Жыл English

*Оқытушы Joseph Wilson студенттердің ағылшын тілін еркін меңгергенін және сөздерді дұрыс дыбыстайтындарын атап көрсетті.

Жыл дәрісі

Облыс прокуроры Қ.А. ИгембаевШҚМУ студенттеріне ел прокуратурасының заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы дәріс оқыды.

Жыл баяндамасы

*ШҚМУ профессоры Людмила Иосифовна Квеглис Стокгольмдегі (Швеция) конференцияға қатысып, баяндамасы үздік ондыққа енді.

Жыл мұғалімі

*ШҚМУ түлегі және магистрі, Өскемендегі №17 мектептің мұғалімі Руслан Исраилов «Жас Педагог-2019» байқауында 1 орын алды. Ол облыстық конкурста да 1 орын иеленді.

Студент года

*ШҚМУ-дың екі өкілі «ТМД-ның үздік студенті-2019» атағына ие болды

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенті Юлия Юрочкинаның және Жоғары колледж оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Савелий Мужчильдің есімдері «Үздік студент» халықаралық жобасы аясында шығарылған студенттік кітап коллекциясына еніп отыр.

* «Экология» мамандығының 3 курс студенті Назерке Қамбарова «ТМД-ның үздік студенті-2019» атанды.

Жыл көшбасшысы

* «Математика» мамандығының 3 курс студенті Мұса Сағадат жылдың «Үздік студенттік көшбасшы» атанып, Өскемен әкімінің жүлдесін иеленді.  

Жыл волонтері

* Оқытушылар мен студенттер кафедра еріктісі, «Фуллбрайт» стипендиясының иегері Уильсонның жұмысына, білім алушылар үшін жайлы жағдай туғызғанына оң баға берді.

Шет тілі және аударма ісі мамандықтарының студенттері АҚШ оқытушысының 2018 жылдың 3 қыркүйегінен 2019 жылдың 3 мамырына дейін өткізген «Academic writing» және «Intercultural communication» пәндері бойынша дәрістеріне құлшына қатысты.

Жылдың ұқсас тегі

*Психология, педагогика және мәдениет факультетінің денешынықтыру мен спорт мамандығында Абай Құнанбаев деген студент оқиды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жас кәсіпкер Мақсат Аманжолов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Білім мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері» жобасы аясында студенттерге дәріс оқыды.

Жылдың көркемсөз оқушысы

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Гүлбибі Сейдәли Абай өлеңін оқып тұрған бейнеролигін жолдап, «Абай оқулары» республикалық әдеби интернет-байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Жыл дарыны

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Ариана Полторанина Ресейде өткен халықаралық байқау-фестивальда ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Ал, оның тәлімгері «Үздік жетекші» дипломымен марапатталды.

*Аталым иегерлері қатарында Альмира Нұрғожина, Юлия Юрочкина, Дина Мырза, Әлішер мен Зуха да бар. 

Жыл спортшысы

*Психология, педагогика және мәдениет факультеті дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2 курс студенті Серікбол Ермеков кикбоксингтен әлем чемпионы атанды.

*ШҚМУ түлегі Алексей Полторанин Альпі кубогында алтын медаль жеңіп алды

Әйгілі шаңғышы, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Алексей Полторанин Словениядағы Альпі кубогында алтын медаль иеленді.

*Физика мамандығының 3 курс студенті Полина Галитовская қол күресінен жастар арасындағы облыстық чемпионатта 1 орын алды, ұлдар мен қыздар арасындағы қол күресі бойынша облыстық жеке-командалық чемпионатта 1 орынды иеленді,қол күресінен Азия кубогында 3 орын иеленіп, қол медельді ұтып алды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың төрт түлегі Ресейдің Красноярск қаласында өтетін Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға қатысушы ел құрамасына енді. Универсиадаға оқу орнымыздан шыққан хоккейшілер Сергей Кудрявцев, Валерий Севидов, Степан Александров, Аркадий Шестаков қатысты. 

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі оқушысы Данил Цурган панкратионнан жастар арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы атанды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2 курс студенті Шыңғыс Махаметқалиев еркін күрестен халықаралық сайыста 1 орын алды. Халықаралық турнир Италияның Сассари қаласында өтті.

*Жоғары колледж студенті Айбол Сләмбеков гір спортынан Азия чемпионатында қос алтын медаль иеленді.

*Жоғары колледж студенті Никита Хоряков 4 елдің спортшылары қатысқан қол күресінен халықаралық Азия кубогында 2 орын алды.

*Руминияның Константа қаласында өткен армрестлингтен және пара армрестлингтен әлем чемпионатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Николай Мрзагарев 2 орын, ал Данияр Ауданбек 3 орын алды.

Жыл бишісі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің «аударма ісі» мамандығының түлегі Шыңғысхан Қабдықалық ресейлік «Танцы на ТНТ» жобасында сәтті өнер көрсетті.

Жыл сұлуы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің 1 курс студенті Алтынай Қасымова «Өскемен аруы-2019» сұлулық байқауының финалына өтті.

Жыл жаңалығы

*ШҚМУ студенттері Ақбауырдағы сенсациялық археологиялық қазба жұмыстарына қатысты.

Жыл экспедициясы

*ШҚМУ тарихшылары А.Н.Алексеенко мен Ж.С. Әубікірова ұлы экспедиция маршрутымен жүріп өтті,  жобаға 8 елдің мүшелері қатысты (Германия, Дания, Ресей, АҚШ, Франция, Швеция, Жапония).

Жыл байқауы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Студент көктемі-2019» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Фестиваль гала-концертпен аяқталды.

«Студент көктемі-2019» байқауында тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті 1 орынға ие болды, психология,педагогика және мәдениет факультеті 2 орын, ал жаратылыстану ғылымдары және техгнологиялар факультеті 3 орынды місе тұтты.

*ШҚМУ студенттері «Студенттік көктем-2019» облыстық фестивалінде «Үздік шығармашыл бағдарлама» номинациясын жеңіп алды.

*ШҚМУ студенттері арасында «Мерекелі алтын күз» байқауы өтті.

Жыл форумы

*Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жастарға арналған білім беру-заң форумы өтті.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Адал бол!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтіп, қорытындысында салтанатты түрде «Сенім жәшігі» ашылды.

* ШҚМУ студенттері Қостанайдағы Қазақстан-Ресей жастар форумына қатысты.

Жыл дебатерлері

*ШҚМУ командасы «Біз жастармыз – біз таңдаймыз!» пікірсайыс турнирінде жүлделі орындар алды.

Жыл премьерасы

*«Altai jastary» телестудиясында түсірілген «JasSTAR» фильмінің премьерасы өтті.

*ШҚМУ-да алғашқы мюзикл қойылады. Тим Бертонның шығармасы желісіндегі «Қалыңдық мәйіті» («Труп невесты») музыкалық-би спектаклін жастардың «Авангард» театр-студиясы сахналайды.

*Өскеменде AMpro & SteepNoise» музыкалық дуэті құрылды, оның бір қатысушысы – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Әлішер Мишелёв.

Жыл фестивалі

*ШҚМУ-да Жастар жылына арналған «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты студенттік театрлардың республикалық фестивалі басталды, оған 8 қаланың 10 жоғары оқу орнынан келген 12 театр қатысуда.

*ШҚМУ студенттері «Өскемен – жастар қаласы» фестиваліне қатысты. Қала әкімінің жүлделерін Толқын Ғабитова, Айдын Базарқанов, Жазира Биғалиева, Зуха Сьезд, Мадина Әлібекова алды.

* Қазақ, орыс және журналистика кафедрасы «Әдеби Өскемен. Менің қаламның туристік бағыттары» ІІ фестивалін ұйымдастырды.

*ШҚМУ-дың «Авангард» театр-студиясы «Облепиха» өңіраралық театралдық фестиваль-байқауына қатысты.

Жыл жеңісі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы «Шаңғы-2019» облыстық сайысында 1 орын алды. Сондай-ақ, шаңғы марафонында бірінші және екінші орындарды тиісінше дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенттері Ахат Қаматаев пен Никита Соколов иеленді.

*Керлинг бойынша қыздар арасында ІІІ Қысқы жастар ойыны өтті. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Зарина Сейдахан мен Гүлхат Мұнарбекова Шығыс Қазақстан облысы құрама командасы қатарында сайысқа қатысып, 2 орын алды.

* Жоғары оқу орындары арасындағы Х жазғы Универсиада аясындағы Президенттік көпсайыста С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы 2 орын алды. ШҚМУ командасы елдің 62 жоғары оқу орны қатысқан Х жазғы Универсиадада 6 орын иеленді.

Жыл сапары

*ШҚМУ студенттері мен оқытушылары Абайдың туған жерінде болды.

Жыл көгалдандырылуы

*Студенттер қалашығына жас көшеттер егілді.  

Жыл клубы

*ШҚМУ-да «Students talks» ағылшын клубының алғашқы отырысы өтті.

Жыл тестілеуі

*ШҚМУ студенттері Universum Global мансаптық зерттеуіне қатысты.

Жыл акциясы

*ШҚМУ-да «Қамқор бол» айлық акциясы өтті.

* Университет студенттері «Өз ұстазыңды құттықта!» акциясы аясында ШҚМУ оқытушыларын Мұғалімдер күнімен ерекше құттықтады.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ белсенділері республикалық тал отырғызу акциясына қатысы.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Ыстық шай» іс-шарасын ұйымдастырды.

Жыл жайдарманы

*ШҚМУ жайдармашылары Премьер-лигаға жолдама алды.

*ШҚМУ командасы «JAIDARMAN» республикалық ойынында 2 орын алды.

Жыл флешмобы

*Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің белсенділері Алғыс айту күнін айрықша атап өтуді ұйғарды. Олар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға алғыс білдіруді жөн көріп, қара шаңырақта «Рақмет» сөзі бейнеленген флешмоб ұйымдастырды.

Жыл әлеуметтік желісі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтының Facebook желісіндегі парақшасы 46 шет елдегі пайдаланушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Ең көп жазылушылар – Қазақстанның, одан соң Ресей мен Моңғолияның азаматтары.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтының You Tube арнасы «Altai jastary» медиаорталығының жаңа жобаларымен – «Ашық сұхбат» және «Арнайы репортаж» тұрақты бағдарламаларымен толықты.

Жыл өнімі

*Биыл биология және биотехнология зертханасының қызметкерлері студенттер мен магистранттар көмегімен 15 тонна картоп жинады, яғни гектарынан 40 тонна өнім алынды, сондай-ақ биыл үш сұрып мемлекеттік тізімге енді.

Жыл телебағдарламасы

*ШҚМУ студенттер мен «Алтай» телеарнасы «ALTAI JASTARY» ток-шоуын түсіре бастады.

Жыл фотокөрмесі

*ШҚМУ-да «Киелі Алтай» өңірлік фотокөрмесі өтті.

Жыл сәні

*ШҚМУ түлегі, магистрі Айгүл БөкейхановаKazakhstan Fashion Week қазақстандық сән апталығына қатысуға шақырылды.

Жыл тағамы

*ШҚМУ-дың шет тілдері және аударма ісі кафедрасы және кафедра волонтеры, кәріс тілінің оқытушысы Ким Ми Хян «Корея мәдениеті мен дәстүрі» іс-шарасы аясында кәрістің дәстүрлі «кимбап» тағамын әзірлеу бойынша кулинарлық шеберлік сыныбын өткізді.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo