Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры М.Ә.Төлегенді Азия университеттері қауымдастығының вице-президенттігіне сайлануымен құттықтады.
Ұжым атынан құттықтауды басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор С.Ыдырысов жолдады.
«Сіздің кәсіби тәжірибеңіз бен жеке қасиеттеріңіздің арқасында ассоциация негізгі міндеттерін жүзеге асыруда, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді дамыту және жүргізуде, ғылыми-білім беру бірлестіктерімен халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жәрдемдесуде, сондай-ақ дарынды жастарды қолдау мәселесін шешуде, мүше университеттер арасында ынтымақтастықты нығайтуда жаңа серпін алатынына сенеміз», – делінген құттықтауда.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы М.Ә.Төлегенге вице-президент лауазымында «зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа бастамалар мен қойылған мақсаттарды табысты іске асыру үшін үлкен жеңістер» тіледі.
Баспасөз қызметі