Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Аягөз ауданының мектеп түлектеріне арналған Университет күні өтті

ШҚМУ оқытушылары мен студенттері Аягөз ауданы мектеп оқушыларымен кездесті.

Басқосу Аягөз қаласындағы білім қазақ тілінде берілетін көпбейінді мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Сапар мақсаты кәсіби бағдарлау жұымысы ғана емес, сондай-ақ қайырымдылық акциясы – тасқыннан зардап шеккен қала тұрғындарына заттарды, кеңсе бұйымдарын табыстау.

Ректор жетекшілік еткен ШҚМУ делегациясы құрамында факультет декандары, «Серпін» штабының, қабылдау комиссииясының, Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшілері болды.

Қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Нүкібаев қабыл алды. Жиналғандар алдында сөз алған оқу орнымыздың басшысы университет туралы жан-жақты мәлімет берді.

– Құрметті мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар! Сіздермен Аягөз қаласында көп салалы қазақ мектеп-гимназиясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті күнінде кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз! Осындай кездесуді ұйымдастырып отырған Бауыржан Молдағалиұлы мен ұжымға алғыс білдіреміз.

2018 жылы Аягөз ауданы бойынша 775 оқушы 11-сыныпты, 925 оқушы 9-сыныпты бітіреді. Осы түлектердің әрқайсының алдында бір кемел мақсат бар, ол – келешек кәсібін және оқу орнын таңдау. Осы жерде ең маңызды мәселе – қате қадам жасамау мен зая кеткен уақытыңды жоғалтқаныңа өкінбеу.

Қазіргі заманауи ғасырда мамандарға қатаң талап қойылады. Академиялық білім қорымен қатар маман басқа да қасиеттерге ие болуын, логикалық және сын ойлануын, ақпараттық технологияларды меңгеруін, шығармашылық көзқарасын қалыптастыруын, бастама ұсыныс пен тәртіпке, өзіндік шешім қабылдауға икемді болуын және басқа да жақсы қабілеттерді дамыту мүмкіншілігін, 65 жыл бойы сапалы да бәсекеге қабілетті білім беріп отырған Қазақстандағы ірі алпауыт жоғары оқуларының бірі – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіде үйреніп, жетілдіруге болады.

Университет 7 бағыт бойынша мамандар дайындауда, олар: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар мен қызмет көрсету. Білім беру бағытында оқыту 21 білім беру бағдарламарының негізінде жүзеге асырылады. Жаңа форматтағы педагогикалық мамандарға сұраныс жыл сайын артуда. Өскемен қаласында және облыс аудандарының мектептеріндегі педагогикалық қызметкерлерінің 95%-ы – біздің университетің түлектері.

Ағымдағы жылы мемлекет 20 мыңнан аса білім беру тапсырыс орнын, облыстық жергілікті бюджеттен 400 грант бөлуді жоспарлауда, соның ішінде 200-ге жуық грант біздің университетің мамандығы бойынша деп аталып отыр. ҰБТ шарасынан табысты өтетін болсаңыздар, тегін білім алу мүмкіншілігі өте жоғары дәрежеде болатыны айқын.

ШҚМУ дипломы, бұл – «болашақ өмірге жолдама», табысты мәнсаптың кепілі, сондай-ақ, үлкен жауапкершілік. Жыл сайын біздің университет әртүрлі бағытта 1500 астам жоғары білікті маманды дайындап шығаруда, дәл осындай дәрежеге әрбір жоғары оқу орны иегер бола алмайды.

Университеттің мамандар даярлау тарихи кезеңдерінде 60 мыңнан аса кадр дайындап шығарылды. Олардың ішінде көрнекті ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, өндіріс пен бизнестің ірі ұйымдастырушылары, танымал білім және өнер қайраткерлері бар.

Біздің университеттің студенті болып аталу, ол – сіздің еңбекқорлығыңызға, біліміңізге және табандылығыңызға тікелей байланысты.

Сіздердің әрбіреуіңіз өз болашағының жолын ашуға күш салып, талпыныс білдірген жастар. Осы айқын жолда барлығы өз қолдарыңызда және барлық мүмкіншілік сіздерді өмір жолында күтуде.

Сіздерді ізгі ниетпен, жақсы тілектермен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне құшақ жайып шақырамын.

Бұл сапарымызда сіздерге, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жылу жинай келдік. Бауыржан Молдағалиұлы, гуманитарлық көмегімізді тапсыруға рұқсат етіңіз, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Кездесуде Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы, тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің деканы Әлия Өскембай, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ләйла Байжұманова да оқу орны туралы ақпарат таратты.

Салтанат соңында ректор ШҚМУ-да үздік оқып жүрген бір топ аягөздік студенттердің ата-аналарына және оларға орта білім берген мектептердің директорларына алғыс хаттар табыстады.

Студенттер Дина Мырза мен Зуха Съезд музыкалық тарту жасады.

Университет күні аясында «Сібе» ғылыми-тәжірибелік кешенінде жыл сайын өтетін студенттердің тілдік мектебі туралы бейнеролик көрсетілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo