Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Аягөздегі ШҚМУ мен ЕҰУ күні

12 мамырында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі Т.А.Абылайханова мен аға оқытушысы А.Ж. Байгужинова және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Ж.Б. Рахметулина, РhD докторанты А.С.Кулмаганбетова Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық құжатын жүзеге асыру аясында Аягөз қаласындағы №6 қазақ мектеп-интернатында іс-сапармен болып қайтты.
№6 қазақ мектеп-интернатында мектепаралық серіктестікті нығайту және оқушылардың экономикаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында іс - шаралар өткізілді:
1. ҚР Президентінің аталған мақаласының іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, күш-жігер салуға ықпал ету үшін насихаттау бойынша дәріс өткізілді.
2. «Кәсіпкерлік білім берудегі инновациялық әдістер мен технологиялар» атты мектеп оқытушыларына арналған ғылыми-әдістемелік семинар келесі сұрақтар аясында өткізілді:
  • Кәсіпкерлік білім беру: болмысы мен даму келешегі.
  • Кәсіпкерлік бойынша бағдарламалар мен курстардықалыптастыру: оқытудың әдістері мен тәсілдері.
  • Оқытудың инновациялық технологияларды пайдалану.
Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысқан барлық мұғалімдерге сертификаттар берілді.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Байгужинова оқушылармен «Кәсіпкер тұлға» атты іскерлік ойын жүргізді.
Оқушыларға кәсіптік бағыттау мақсатында мамандықтар туралы слайдтар көрсетілді, буклеттер таратылды, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Осындай көңілді нотада «Аягөздегі ШҚМУ мен  ЕҰУ күні» аяқталды!
Қазақ
× You found a Typo