Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Аялы алақан аясында

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Алайда, бала кезінен тағдыр тәлкегіне ұшырап, балдай тәтті балалық шақтарын балалар үйінде ата-анасынсыз өткізіп жүрген балалар қаншама?..

Әрине, оларға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып отырса да, оларға  ең қажеттісі – ата-ана махаббаты деп ойлаймын.

Біздің кураторымыз Толеуханова А.Д бастауымен 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының 1-2 курс студенттері  жақында  Өскемен қаасындағы «Үміт» балалар үйіне барып қайттық.

Бізді 10-шы топтың тәрбиешісі Ғ. Мукамгалиева кіп-кішкентай балапандарымен күтіп алды.  Балаларадың көзіндегі «апайлар келеді», - деген куаныш, сағыныш, жүректі тебірентпей қоймайды. Балалармен танысып, ойын ойнап, ән айтып, қолымыздан келгенше кішігірім сыйлықтарымызды беріп, балаларды бір қуантып, ерекше есте қаларлықтай көңілді бір күн өткіздік.

Жәудіреген көздегі куанышты көру – қаншалықты тіл жеткізе алмайтын бақыт екенін көріп, өзіміз де бір ерекше сезіммен қайттық. Тобымызбен келісе келе алдағы уақытта тағы келеміз деп шештік.

Барлық сәбилер бақытты күн кешіп, балалар үйі босаса екен деген тілектеміз.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo