Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Аймақтағы алғашқы дикторлардың бірі – Алтынай Мағзұмовамен кездесті

ШҚМУ-дың «Алтай жастары» студенттер телерадио кешенінде журналистика мамандығының шәкірттері өңірімізден шыққан қазақтілді алғашқы дикторлардың бірі – Алтынай Мағзұмовамен сұхбаттасты.

Тәжірибелі маман тележурналистиканың қыр-сырымен бөлісті. Тікелей эфирге қалай дайындалу, жаттығу, киіну керектігін, дикцияны қоюдың түрлі әдіс-тәсілін көрсетті.

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін телевизияға қалай келгенін, журналист үшін ең бастысы білім екенін баса айтты. Сондай-ақ, отандық тележурналистиканың бүгіні мен болашағы, тележүргізуші жұмысының қиын тұстары жайынды, студияда болған қызықты оқиғаларды әңгімеледі. Екі сағатқа созылған кездесу еркін түрде өтті.

 Шәкірттер өз сұрақтарына жауап алды. Сұхбат соңында Алтынай Құдайбергенқызы болашақ журналистерге ақыл-кеңесін айтып, жылы лебізін білдірді.

Алтынай Бақытжанқызы,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo