Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АЙМАҚТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Университетте аймақтық еріктілер форумы өтті. Шараға ҚМДБ өкілдері, Шығыс Қазақстан және Абай облысының волонтер жастары қатысты.

Жақсылық жаршылары болған жандармен жүздесудің мақсаты – волонтерлік қозғалысты одан әрі дамыту, жастардың бойына ізгілік пен жәрдем беруге ұмтылу қасиеттерін сіңіру. Шараны ұйымдастырушылар шығысқазақстандық және абайлық еріктілердің басын қосып, еркін форматта әңгіме-кеңес жасау көзделгенін айтады.

Астанадан арнайы келген қонақ – ҚР ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев жастар әрқашан жақсы іске дайын болу керектігін сөз етті.

- Игі іс жасау ұлт пен дінге, тілге бөлінбейді. Хәкім Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетін  бәріміз жақсы білеміз. Ендеше, әлсізге қорған, мұқтажға демеу болуға ешкім кедергі жасамайды. Мен жиналғандарды қайырымдылыққа шақырамын, - деді Мақсатбек Қайырғалиев.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ жастары да қайыры бар істен қалыс қалмайды. Университеттегі бір ғана «Мейірім» еріктілер клубы Өскемен ғана емес, облыс, қала берді республика көлеміндегі акцияларда төбе көрсетеді. Мәселен, ақпан айында ғана Түркияда болған жер сілкінісі кезінде оқу орны жастары шапағаты мол шараға қатысып, азық-түлік, киім-кешек сынды ең керек дүниелерді жинауға көмектескен еді.

- Бүгінгі жиынның мәні зор. Екі облыстан келген еріктілер бір жерде жиналдық. Қайырымдылық акцияларының басында жүретін ҚМДБ өкілдерімен әңгіме-кеңес құрдық. Волонтерлік қозғалыс ары қарай дами береді деген сенімдемін, - дейді ШҚУ студенті, «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Азизбек Нурполат.

Шара соңында ШҚО бас имамы Ермек Қажы Мұқатай С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымына, студенттеріне үнемі игі іске мұрындық боп жүретіндіктері үшін алғыс білдірді.

Қазақ
× You found a Typo