- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
17 сәуір күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жерлес ақындар Серік Ғабдоллаұлы, Тұрғазы Нұқайұлы және жазушы Мүсілім Құмарбекұлының шығармашылықтарына арналған «Айыртаудың үш биігі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Студенттер белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды. Кеш қонағы болған жерлес ақынымыз Көпен Ерқасұлы да жас ақын, өнерпаздарға деген өзінің жылы лебізін білдірді. Әдеби өлкетану бағытында жасалған аталмыш шарада ақындар шығармашылығы кеңінен насихатталып, танымдық маңызы арта түсті.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы