Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Айжан Фазылова: Академиялық ұтқырлық аясында Польшада оқу ШҚУ студентінің көзімен

2020-2021 оқу жылында Covid-19 пандемиясына байланысты С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың студенттеріне шетелдік ЖОО-да онлайн режимде оқу ұсынылды.

2020 жылдың 17 қазанынан 2021 жылдың 9 ақпанына дейін "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының студенттері Аяжан Фазылова мен Әйгерім Тайшеман алғаш рет Польшада қашықтан оқыту режимінде өткен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты.

Елге бару мүмкіндігінің болмауына қарамастан студенттер риза болып, жағымды ойларға толы болды.

– Мен академиялық ұтқырлық шеңберінде Польшаның Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университетте "Ағылшын филологиясы" бағыты бойынша оқыдым. Өкінішке қарай, пандемияға байланысты Польшаға бара алмадым, бірақ университет ректоры М.Ә. Төлегеннің, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің, Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы ұйымдастыруының арқасында оқу процесі ыңғайлы және онлайн режимінде өтті.

Польшада оқу маған ағылшын тілін меңгеру деңгейімді жақсартуға және филологияның барлық қыр-сырын тереңірек білуге мүмкіндік берді. Мен үшін ең қызықтысы "Ағылшын тілді елдердің тарихы мен реализмі" және "Мәдениетаралық коммуникация" пәндері бойынша сабақтар болды. Польшаның білім беру жүйесі Қазақстанның білім беру жүйесінен біршама ерекшеленеді, бірақ сабақ барысында ешқандай қиындықтар туындаған жоқ, бұл маған олардың оқыту әдістемесін білуге көмектесті. Мен басқа елдердің (Франция және Қытай) өкілдерімен қарым-қатынастан тәжірибе жинағанымды атап өткім келеді.

Лингвистикалық-техникалық университеттің оқытушылары – қарым-қатынаста жеңіл және өз ісінің мамандары. Алған білімім  маған болашақта жаңа білім мен алған дағдыларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Сондай-ақ, әріптестерімді біздің елмен таныстыруға тамаша мүмкіндік болды. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы әңгімелерім тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлына пандемияға қарамастан шетелдік ЖОО-да онлайн оқуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін! – деп өз әсерімен бөлісті С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 2 курс студенті Аяжан Фазылова.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Польшаның Лингвистикалық-техникалық университетінде Абайдың 175 жылдығы қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ "Абай" жастар ғылыми-білім беру және зерттеу орталығын ашқан.

Ағымдағы семестрде Экономика және құқық факультетінің екі студенті Ұлы Витаутас атындағы университетте (Литва) онлайн режимінде білім алуда.

Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo