- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасында меморандумға қол қойылды.
Оның мақсаты – іс-тәжірибеден өту бойынша бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыру.
Ынтымақтастық саласы ішінде – білім сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру, тиісті мамандықтар бойынша өндірістік іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру, семинар, конференциялар арқылы тәжірибе және біліммен алмасу.
Мұнымен қоса, жалпы жоспарда – ынтымақтастық саласына қатысты ақпарат алмасу.
Баспасөз қызметі