ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша «Заңгер этикеті» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.
Дәрісті Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті Индира Смаилова құқықтану мамандығының 2-курс студенттерімен ZOOM платформасы арқылы өткізді.
Онлайн-дәріске ЭжҚФ деканы А. Мұхамеджанова, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі А. Сәбитова, білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы С. Оразова қатысты.
Дәріс соңында қорытынды шығарылып, оң баға берілді.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы