Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

А.Жилкашинова: «Ғылыммен айналысу үшін төзім мен табандылық қажет»

Таныс болыңыздар, Альмира Жилкашинова – Астанадағы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінде ұсынылған гибридті жел электр стансасы моделі авторларының бір.і, физика-математика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасының инженер-зерттеушісі, оның есімі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» кітабына еніп отыр.

– Альмира Михайловна, өзіңіз туралы айтып беріңізші, қашан және қайда дүниеге келдіңіз, қай мектепте оқыдыңыз, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қандай мамандық бойынша білім алдыңыз?

– Мен 1981 жылы Өскемен қаласында дүниеге келдім, Глубокое орта мектебінде оқыдым. 1999 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «физик-инженер» мамандығы бойынша оқуға түстім, 2004 жылы «физик-инженер» дипломын алдым, сол жылы «физика» мамандығы бойынша магистратураға түстім, ал 2006 жылы «физика магистрі» деген академиялық дәреже алдым. Нақ сол жылы «Конденсацияланған жағдай физикасы» мамандығы бойынша аспирантураға түстім, 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғап, физика және математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.

– Қазір С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жұмыс істейсіз, қай құрылымда, кім болып, қандай жұмыс түрлерін орындайсыз?

– Қазіргі кезде мен бала күтіміне байланысты декреттік демалыстамын, десек те ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып келемін. Жалпы мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасында инженер-зерттеуші болып жұмыс істеймін.
Пәнаралық зерттеулер шегіндегі қалпына келетін энергетика және композициялық материалдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарамын.

–Сіз «Шапағат-2015» республикалық өнертапқыштар байқауының «Әйел-өнертапқыш» аталымы бойынша жеңімпазы болып табыласыз, конкурста Сіздің «Бриз жел генераторы», «Егіздер жел генераторы», «Отын элементінің көмір электродтарын әзірлеу тәсілдері» сынды жұмыстарыңыз аталып өтіліпті.Осы жобалар туралы қысқаша айтып өтіңізші.

– Жел генераторлары шағын жел энергетикасы саласына жатады, барлық әзірленген жел генераторлары 5 кВт-қа дейінгі электр энергиясын өндіреді.
Аталмыш жел қондырғылары қанаттарының аэродинамикасы және бұрылыс механизмі мен генератор құрылымы арқасында секундына 3-5 метр аралығынан жоғары емес жылдамдықтағы жел энергиясын қолдануға мүмкіндік береді.

Отын элементтеріне арналған электродтарға қатысты айтар болсам, физика және химия ғылымдары түйісіндегі зерттеулердің кешенділігін атап өткен жөн, аталмыш зерттеу химик әріптестеріммен тығыз қарым-қатынаста жүргізілді, бұл биметалдық топтағы нанокатализаторлар енгізілген көмір негізіндегі композициялық материал жасауға мүмкіндік берді.

– Альмира Михайловна, Сіздің іскерлік серіктестеріңіз Нұрлан Досмұратпен және Досмұрат Жидеханмен бірлесіп жасаған басқа жобаңыз туралы айтып беріңізші! Ол жобаңыз – гибридті жел электр стансасының моделі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылған болатын. Жобаның мәні, оның дәстүрлі баламалы қондырғылар алдындағы артықшылықтары туралы айтып берсеңіз.

– Гибридті жел электр стансасы бойынша жоба қалпына келетін энергетика саласына жатады және түрлі салалардағы мамандардың кешенді амал-тәсілдерін талап етеді.

Жел генераторы қанаттарының айналуынан алынған сығылған газ энергиясын пайдалану идеясы осы іске жарты ғұмырын арнаған, елімізге еңбегі сіңген физик-мұғалім Жидехан Досмұратқа тиесілі.

Бірнеше жыл бұрын ол біздің зертханаға келіп, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.

Қазір жер бетінде электр энергиясын өндірудің екі бағыты бар екені баршаға белгілі, бұл - дәстүрлі энергетика және баламалы энергетика. Осы екі сала әлі күнге бір-бірінен тәуелсіз дамып келеді. Өзінің уытты газдарымен және қатты қалдықтарымен дәстүрлі энергетика қоршаған ортаны ластайды, ал қазіргі баламалы энергетиканың технологиялары адамзаттың энергетикалық сұранысын қанағаттандыра алмайды.

Осындай қарама-қайшылықты жағдайда бізге «баламалы» және дәстүрлі энергетика неліктен бірге жұмыс істей алмайды? деген ой келді. Екі бағытты ұштастырсақ, қоршаған ортаны да қорғап, адамзаттың энергетикалық қажеттіліктерін де өтей аламыз ғой?

Бірақ оны қалай істеу керек? Біз оларды біріктірудің көптеген тәсілдерін іздестірдік. Олардың ерекшеліктерін зерттедік. Ақыры, біз тура жолды таптық – ол молекулярлық энергия болып шықты! Біз дәстүрлі Жылу энергия орталықтары будың жоғары қысымы арқылы жұмыс істейтінін білеміз, егер біз жел электр стансасынан тікелей электрдің орнына пайдалы әсер коэффициенті жоғары сығылған ауа өндірсек, ЖЭО мен жел стансасы бірге жұмыс істей алмақ, өйткені сығылған ауа мен будың бәрі молекулярлық энергия болып табылады. Сол себептен гибридті электр стансасындағы жел энергиясы сығылған ауа өндіреді, ол компрессордың көмегімен жиналып, газ турбинасын айналдырады.

 

Осы ретте атап өтерлігі, жел соғып тұрғанда, турбина сығылған ауамен, ал жел жоқ кезде, бумен жұмыс істейді. Бу мен сығылған ауаны бірлесе қолдану арқылы электр энергиясын өндіру кәдімгі жел стансасына қарағанда тиімді әрі арзан болмақ. Сондай-ақ мұндай жел стансасын шағын су электр стансасына да қосуға болады.

– Қазір қандай жобамен жұмыс істеп жатырсыз?

– Бүгінде мен жел қондырғыларын жетілдірумен, сонымен қатар пилотсыз шағын СЭС-тің жаңа үлгісін әзірлеумен айланысып жүрмін, өйткені қос қондырғы да бір принциппен жұмыс істейді – қанаттардың көмегімен айналыстың кинематикалық энергиясын кәдеге жаратады.

– Ғалымның жұмысы шаш етектен, өмірі қарқынды, іссапарлары көп. Барлығын атқарып, жетістіктерге жетуге қалай үлгересіз? Ғылыми идеяларды, жоба-жоспарларды іске асыруға қажет күш-қуатты, шабытты қайдан аласыз?

- Иә, расында да, жұмыс кестесі өте тығыз, көп жағдайда әріптестеріммен бірге түні бойы жұмыс істеуге тура келеді, өйткені түнде ешкім кедергі жасамайды, ми күйбең тірліктен босайды, түнгі тыныштықта тамаша идеялар туындайды, ғылыми түйткілдерді шешу жолдары табылады. Ал шабытты еш жерден іздеудің қажеті жоқ деп санаймын, ол үнемі өзіммен бірге, ғылым – өмірімнің ажырамас бөлшегі.

– Отандастарыңызға Жаңа жылда не тілейсіз?

– Сүйікті істеріңізге бар күш-жігерлеріңізді салыңыздар, сонда ғана табысқа жете аласыздар дегім келеді!

Сұхбаттасқан - Ержан Кеңесұлы

Шығыс Қазақстан облыстық газеті "Дидар"

Қазақ
× You found a Typo