Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Бабалар ізімен

Химия кафедрасының оқытушылары «Серпін» бағдарламасымен білім алып жүрген 2-3 курс студенттерімен Жидебайға барып, тарихи мұражаймен танысып қайтты. 

Бұл іс-шараны ұйымдастырушы кафедраның аға оқытушысы Оразова Сән Советбековна. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, оның маздауына себеп болатын аталмыш бастаманың септігі орасан.

Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы Семейден 180 шақырым жердегі Жидебай мекенінде, Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының 25 шақырымда орналасқан.

«Жидебай» қорықты мұражайы 6400 га жерді қамти отырып, Абайдың (8 залды) экспозициялы мұражай үйін, «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешенімен бірге қосады, мұнда Оспан (Абайдың інісі), Шәкәрім (Абайдың немере інісі), Ахат (Шәкәрімнің ұлы) жерленген. Абай кешені – бұл тек қорғалатын қабір орны емес, мұнда әрдайым «Абай оқулары» жүргізіледі. Эксурсия барысында, Абайдың экспозициялы мұражай үйімен танысып, Абай-Шәкәрім кесенесіндегі аспанасты амфитеатрда ақындардың рухтарына құран қайта-қайта бағышталды. Сонымен қатар, 2008 жылы негізі қаланып, биылдан бастап тұрақты қызметін бастаған Шәкәрім қажының «Саят қора» экспозициялық залымен танысты. Абай атамыздың үйінен бірнеше метрде ғана Евразия континентінің кіндігінің орналасуының өзі жай еместігі таң қалдырды.

Көтеріңкі көңіл күймен, рухани мол байлықпен Семей-Жидебай-Қарауыл-Еңлік-Кебек-Бөрілі-Күшікбай кезеңі бағыты бойынша жүріп, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы тарихи оқиғалар мен жерлермен танысты. Саяхат маршруты барысында Семейден шыққан ғұламалардың өмірімен байланысты тарихи деректерге қанықты. Жетектегі топтарда басқа облыстан келіп оқып жатқан студенттер осындай мүмкіндік туғанына - қазақтың мақтанышы атанған Абай, Шәкәрім мен Мұхтар еліне аяқ басқандарында айрықша сезімге бөленгендіктерін айтты, дән риза болды. Саяхаттан алған әсерлері шексіз.

Экскурсияның табысты әрі қызықты өтуіне қолдау көрсеткен ұшса құстың қанаты талатын алыс қашықтықтарды жақындатқан автобус жүргізушісіне, қызмет көрсетіп, бар білгенін бөліскен мұражай қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.

Сән Оразова,

химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo