Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Бағдарлама қоғам тарапынан қолдау тауып, нақты іске асырылып жатыр

2017 жылы 12 сәуірде Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған мақаласы жарық көрді. Рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру – Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғам өмірінің барлық саласына әсер ететін ауқымды жоба. Оны идеологиялық тұғырнама деп те атауға болады.

«Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп Елбасы атап өткендей, XXI ғасырда тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауы болып табылады.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Екіншіден, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беру мақсатын көздейтін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Үшіншіден, жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі бола алатын «Туған жер» бағдарламасы. Төртіншіден, халықтың санасына «жалпыұлттық қасиетті орындар» ұғымын сіңіруі мақсатымен қолға алынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Әлемге бізді мәдени жетістіктерімізбен таныта алатын «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды көздейтін және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі бола алтын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.

Бағдарлама қоғам тарапынан қолдау тауып, нақты іске асырылып жатыр.

Президенттің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бекітілді. Үкімет жанындағы Қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде «Ұлттық аударма бюросы» құрылып, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы әлемнің 18 үздік оқулығы мемлекеттік тілге аударылды.

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы шеңберінде жалпыхалықтық онлайн дауыс беру 102 жеңімпазды анықтады. Дауыс беруге барлығы 340 мың қазақстандық қатысып, өз фавориттеріне 1 млн. 376 мың дауыс берді. 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жобаға қатысушылармен кездесуі өтті.

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы шеңберінде Жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды іріктеу және жүйелендіру жөніндегі ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды. Жалпыұлттық және өңірлік маңызға ие нысандардың тізімі әзірленді. Жалпыұлттық маңызға ие киелі нысандар бойынша виртуалдық карта әзірленді.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде жасалған қазақстандық мәдениет туындылары жинақталып, жүйеленді.

Жалпы арнайы жобаларды іске асыру шеңберінде ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен және жоғары оқу орындары өкілдерімен жұмыс ұйымдастырылды. Барлық өңірлерде жетекші жоғары оқу орындары базасында танымал ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен сараптамалық кеңестер жұмыс істейді. 2017 жылы жоғары оқу орындары 99 ғылыми экспедиция ұйымдастырып, жұмыс қорытындылары бойынша 264 мақала жарияланды.

32 жоғары оқу орнында Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы тақырыбы бойынша элективтік курстар енгізілді. Аталған курстарды оқитын студенттердің саны – шамамен 45 мың адам. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тақырыбы бойынша 292 шығармашылық және ғылыми жоба іске асырылды.

Жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары рухани жаңғырудың түрлі аспектілері бойынша 1115 диплом жұмысы мен магистрлік диссертация дайындады.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа кезеңінде осы қарқыннан танбай, келешектің айқын көрінісін анықтап алу маңызды.

 

Майнұр Ордабаева,

Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы,

PhD докторы 

 

Қазақ
× You found a Typo