- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Институционалдық серіктестік тұрақтылығы мақсатында трансшекаралық су пайдалану: Ресей және Қазақстан» «Эразмус+» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған «Су шаруашылығының гидрологиялық-экологиялық негіздері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары ағын суларды тазалау әдістерімен танысу мақсатында 9 ақпаны күні «Өскемен-Водоканал» МҚК - да экскурсияда болды.
10 ақпанында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары «Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалына барды.
Экскурсия мақсаты Шығыс Қазақстан облысы су нысандарының гидрологиялық және гидрохимиялық мониторингісімен және зерттеуді ұйымдастырудың негізгі принциптері мен әдістерін таныстыру болып табылады.
Зертханаларда тыңдаушыларға судағы ластағыш заттар концентрациясын анықтау бойынша тәжірибе көрсетілді.
Эразмус +