- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
8 ақпан күні біздің кітапханада мектеп кітапханашылары мен қала мектептерінің әдебиет пәні мұғалімдері «Заманауи әлемдегі балалар оқуы» шығармашылық шеберханасына қатысты. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л.И. Абдуллина жастарды оқуға тартудың жергілікті педагогикалық тәжірибесімен бөліссе, біздің кітапхана мамандары осы тақырыпта №35 және №4 мектеп оқушыларының қатысуымен арнайы сабақ өткізді.
Бұған дейінгі шығармашылық шеберхана өткен жылдың қыркүйек айында Людмила Степанованың қатысуымен өткен болатын.
Осы шығармашылық шеберханада Ленинград облыстық балалар кітапханасының бас маманы Л.В. Степанова өзінің ары қарайғы жоспарларымен бөлісті. Оның пікірінше, біздің өскелең ұрпақ әлемдік балалар әдебиетінен сусындап өсуі қажет және «Кедергісіз оқу» жобасының маңыздылығы да сол деп көрсетеді.
Біздің кітапхана қызметкерлері кездесу барысында өздерінің оқырман тарту тәжірибесімен бөлісіп, кітапхананың жаңа қызметтері, электронды ресурстарымен таныстырды.
Іс-шараға келген ұстаздар мен кітапхнашылар арасынан кітапханамен тығыз байланыста жұмыс істеп, оқушыларын кітап оқуға насихаттаған белсенді қонақтарымыз сондай-ақ, отбасымен кітапханамыздың тұрақты оқырманына айналған Адильевтер отбасы арнайы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.