- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ Биология кафедрасында Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Алтай филиалының директоры Сымбат Әнуарбековпен және ғылыми қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ЖҒжТФ деканы Д. Ерболатұлы, биология кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеуге, осы институт филиалына жұмысқа тарту.
Сымбат Мұхаметбекұлы институтпен таныстырып, шетелдік институттардағы біліктілік көтеру курстарына тоқталды. Институт қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісті. Институт директоры гидробиолог, ихтиолог мамандарының тапшы екенін ескертіп, үш тілді меңгерген 1, 2 курс студенттерін 0,5 жүктемеге жұмысқа шақырды, сол студенттердің болашақта жұмыспен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Бұл – студенттерге тәжірибе алып, мамандықтың меңгеру үшін берілген тамаша мүмкіндік.
С. Мұхаметбекұлы институт ғылыми қызметкерлерінің 90% ШҚМУ биология кафедрасының түлектері екенін айтты.
Биология кафедрасы