Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Балықтардың морфологиясы» атты шеберлік сабағы өткізілді

«Қазақ балық шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының Алтай бөлімінің директоры Ануарбеков С.М. бастамасымен 25 сәуірінде  - «Биология» мамандығының 4 курс студенттеріне өндірістік іс-тәжірибенің қорытындысы ретінде ғылыми қызметкер Аубакиров Б. мен биология кафедрасының меңгерушісі А.А.Китапбаеваның және аға оқытушы Б.К. Карменованың қатысуымен «Балықтардың морфологиясы» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Өткізілген шараның басты мақсаты: студенттерге Шығыс Қазақстан су қоймаларындағы балықтардың жалпы жағдайы, олардың өсімталдығы, таралуы және морфологиялық құрылыс ерекшеліктері туралы мәлімет беру.

 Тәжірибе барысында шортан, қара балық және торта балықтарынның морфологиялық, физиологиялық және биологиялық талдаулары жүргізілді.

Ғылыми зерттеу институтының базасында кеңінен қолданылатын қажетті құрал-жабдықтар: бинокуляр, аналитикалық таразы, штангин циркуль, сызғыш көмегімен балықтардың қондылығын, жасын, ұзындығын, салмағын, жыныстық гонадалар жағдайын, жалпы биологиялық құрылымдары зерттелінді.

Сымбат Мұхаметбекұлы Ануарбеков балықтар туралы қосымша мәліметтер айтып, қызықты мол ақпарат берді. Студенттер ихтиология және гидробиология сабақтарынан өткен мәліметтерді еске түсіріп, алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

Биология кафедрасы

Қазақ

Tags:

× You found a Typo