Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Барша БАҚ өкілдерін – кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

28 маусым күні Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат өкілдері - Байланыс және ақпарат күні мерекесін атап өтеді.

Осы жылдар ішінде отандық журналистика үлкен жол жүріп өтті, өзіндік дәстүрлері қалыптасты. БАҚ-ның тәжірибесі, шеберлігі мен жоғары кәсібилігінің арқасында біз шұғыл арада және обьективті ақпаратқа қол жеткіземіз.

Біздің университет өте жақсы кәсіби кадрлар – журналист мамандарды даярлайтындығын қуанышпен атап өткім келеді. Бүгінгі таңда біздің түлектер республикамыздағы және шетелдердегі көптеген танымал басылымдарда жұмыс істейді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жұмысы туралы танымал халықаралық және республикалық БАҚ-ы ақпараттандырады. «Казинформ», «DK News», «Хабар» Агенттігі, «Астана», «Атамекен», «Евразия»,  «Алтай» телеарналары,  «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Деловой Казахстан», «Современное образование»,  «Білімді ел. Образованная страна», «Экспресс К», сайты «InformБЮРО», «Inbusiness.kz», «TimesKz» газет және журналдар және т.б. Сонымен қатар, облыстық және аудандық газеттер мен сайттар.  «Рудный Алтай», «Дидар», «Алтайньюс», «Алдаспан», «Устинка плюс», «Устинка live», «YK KZ», «Мой город», «YK-news.kz» және т.б.

ШҚМУ туралы жазатын Бұқаралық ақпарат құралдарының саны өсіп келе жатқандығы қуантады.

Бұл күні университет жұмысы мен ондағы қызықты жаңалықтарды қалың көпшілік назарына ұсынып жүрген меншікті тілшілерге ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Байланыс және ақпарат күні қарсаңында университетіміз журналистер арасында «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ туралы үздік мақала» номинациясы бойынша «Шабыт/ ШҚМУ-2020» байқауын жариялап, өткізген болатын.

Журналистерімізге байқауға қатысқандары үшін алғысымды білдіріп, қорытындысын жарияламақпын:

1 орын:

Азамат Қасым, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің меншікті тілшісі:   Айтолқынға «Абай» стипендиясы тағайындалды;

2 орын:

Гульжан Естаева, «Рудный Алтай» облыстық газетінің және «Алтайньюс» сайтының тілшісі: «В ВКО открыли IT-кабинет химии имени академика Ашимжана Ахметова»;

Галина Вологодская,  «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі:  «Учись играючи, говори вкусно»;

3 орын:

Дәурен Аллабергенұлы, «Дидар» облыстық газетінің тілшісі: «Жемқорлықтан ада жоғары оқу орны»;

Надежда Михеева, «Казахзерно» республикалық ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі: «Биотехнологии «довели» до собственного картофеля;

Жанар Асылханова, inbusiness.kz республикалық сайтының меншікті тілшісі: «Ученые помогут бизнесу в картофеле»;

Лилия  Дроздова, «Мой город» облыстық газетінің және «YK-news.kz» сайтының тілшісі, «Кто-то должен быть первым».

Құрметті байқау жеңімпаздары мен барлық тілшілерін қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілеймін! Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры,

 профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo