Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Белгілі сатирик, журналист Көпен Әмірбек ШҚМУ студенттерімен кездесті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, сатиралық «Ара» журналының бас редакторы, журналист, сатира саңлағы Көпен Әмірбекпен кездесу ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында 70 жылдығын атап өткелі отырған Көпен Әмірбектің мерейтойын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ең бірінші болып атап өтті.

Кездесу барысында студенттер Көпен Әмірбектің өмір жолы, шығармашылығы, сатирадағы соны соқпағы жайлы баяндады, шығармаларын жатқа оқыды, сан түрлі сұрақтар қойды.

Әдебиет майталманы өзінің балалық, студенттік шағына саяхат жасап, өмірдегі, өнердегі ұстаздары жайлы, сатира жанрының кешегісі мен бүгіні, қазақ әдебиетінің айналасы, заманауи қоғам жайлы ақтарыла сөйледі.

Өзі көрген өмір мектебінің сан қырлы соқпақтары жайлы сыр шертті, жастарды жақсылыққа шақырды, ізгілікке үндеді.

Кешіміздің құрметті қонақтары Көпен Әмірбектің бірге оқыған замандас достары, ел ағалары және бүгінгі сатирик жастар мен жас журналистер кеш барысында әңгімеге  араласып отырды. 

Кездесудің соңы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен қорытындыланды, Көпен аға студент жастарға батасын берді.

Әсерлі кездесуден көрермендер қимастықпен тарқағаны байқалды.

Жасасын қазақ сатирасы! Жасасын ел азаматтары! Жасай беріңіз, Көпен аға!

Абылқасымова Г.,  

тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ
× You found a Typo