Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Белгілі саясаттанушы ШҚУ оқытушыларымен кездесті

Мұғалімдер күні қарсаңында белгілі отандық саясаттанушы, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, ел Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, праймериз бақылаушы Е.Б. Саиров С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушыларымен кездесті.

Университеттің құрметті қонағы Ерлан Бияхметұлы Саиров С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Тарих» мамандығы бойынша бітірген түлегі екенін атап өткен жөн.

Қонақты С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген таныстырды.

Қонақ өзінің қазір жазып жатқан «Жаңғырту очерктері» кітабы туралы айтып, демократияландыру, реформалау, жаңғырту, биліктің өкілді органдарына сайлау сияқты қоғамдағы маңызды құбылыстар туралы пікірімен бөлісті.

– Тұрмыстың басты мәселесі – қоғамдық-саяси өмірді реформалау. Жаңғырту не үшін қажет? Жаңғырту – бүкіл адамзаттың дамуының мәні, кез келген мемлекеттің дамуы мен өмір сүруінің кепілі. Ал жаңғырту үшін жеке ынта қажет, өйткені нақ осы азаматтар мемлекетті құрады. Кез келген заң азаматтар үшін қолайлы болуы тиіс, сонда әлеуметтік және саяси тұрақтылық туралы айтуға болады, – деп атап өтті Е.Б. Саиров.

Саясаттанушының айтуынша, бүгінгінің тренд аксиомасы – бұл басқа пікірге сезімталдық, ал аксиомасы – өзгерісті өзіңнен бастау керек!

СДжҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова қонаққа ШҚУ-дағы өзгерістерді баяндап, ЖОО-ның цифрлық трансформациясы, коллаборация процестері, STEM-білім беру және университетте енгізілген басқа да жаңалықтар туралы айтып берді.

Кездесуден естелік ретінде Ерлан Бияхметұлы Саиров тарих бойынша кітаптарды сыйға тартып, университет оқытушыларымен суретке түсті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo