13 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы Белоусовка орта мектебінің 10-шы сынып оқушыларына экскурсия өткізіп, оқу орнына түсу жайында ақпарат берді.
Оқушылар университеттегі Криминалистикалық есеп кабинетінде, Ғылыми кітапханада, Кеппешөп кабинетінде, Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайында, В. Бажанов атындағы табиғат мұражайында, химиялық зертханаларда, «ALTAІ JASTARY» медиаорталығында, «Зияткер» орталығында болды. Өлке тарихымен, мәдениетімен танысқан балалар университетке түсу ережелері жайлы білді.
Кәсіптік бағдар беруші Ж. Мұқажанова, университет оқытушылары Е. Абиканов, А. Сәлімбаева оқушыларға мамандықтар, оқыту бағыттары және ерекшеліктері жайлы толық ақпарат берді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы