Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Бес елдің студенттері үшін ШҚМУ альма-матерге айналды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «2019-2020 оқу жылына арналған шетелдік студенттерді бейімдеу бағдарламасы» жасалған. 2000 жылдан 2018 жылға дейін университетте әлемнің түрлі елдерінен келген 1 мыңнан астам студенті білім алды.

Бағдарламаның мақсаты – шетелдік студенттердің университеттің білім беру кеңістігіне сәтті бейімделуіне жағдай жасау.

Бағдарлама міндеттерінің қатарына шетелдік және қазақстандық студенттер арасында толеранттылық көзқарас қалыптастыру, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдауды ұйымдастыру, университетте жайлы мәдениаралық диалогты орнату, білім беру, мәдени, ғылыми, спорттық және т.б. іс-шараларды өткізу енеді.

1995 жылы алғаш рет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға 67 шетелдік студент қабылданды. 2000 жылдан бастап 2018 жылға дейін университет әлемнің түрлі елдерінен кеп, білім алған 1 мыңнан астам студент үшін альма-матер болды.

2019-2020 оқу жылында ШҚМУ-да Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 137 шетелдік студент оқуда. Шетелдік студенттердің көпшілігі ЖҒжТ (44 студент), содан кейін ППжМ (57), ИФжХҚ факультеттерінде (30 студент) оқиды.

Университет келісімшарт негізінде оқитын студенттерге оқу төлемдері бойынша жеңілдіктер ұсынады.

Бүгінде қалада карантин режимінің енгізлуі бойынша Студенттер үйлерінде тұратын студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Студенттер дүкенге, дәріхана мен банкке баруға рұқсатнама алған. Студенттер кез келген сұрақтарын WhatsApp-тағы топтарға, ШҚМУ колл-орталығына тегін қойып, кеңестер ала алады.

Елдегі төтенше жағдай кезінде университет шетелдік студенттерге қолдау көрсетуде. Оларға қашықтық форматындағы сабақтарға дайындалу үшін бөлек бөлмелер дайындалған. Студенттер жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделер, санитарлық тазартқыштар) жабдықталған. Университет дәрігерлері күнделікті медициналық тексеруден өткізеді, күндіз олар үш рет, ал күніне бір рет кварцтау жүргізеді.

Сонымен қатар, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы «Отадастар» қорының фронт-кеңсе меңгерушісі Әскерхан Ақтай, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалының хатшысы Ерлан Жақыпов, Ұлан аудандық мәслихатының депутаты Нұртай Тілеужан, «Зекет» қорының өкілі Қуат Аманбол және кәсіпкерлер студенттерге азық-түлік дорбаларын табыстады. ШҚМУ ректоры студенттерге университетте жасалған шамамен 150 көпреттік маска мен 150 құты антисептикалық құралды таратты.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo