Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Бесінші рет ел чемпионы атанған «Алтай» командасының екі волейболшысы ШҚУ-да білім алуда

«Алтай» әйелдер командасының волейболшылары Қазақстан Республикасының тұрақты чемпионатынан бес дүркін чемпион болып оралды. Командада С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың екі студенті бар, олар Мәдина Бекет және Динара Сыздықова. 

Павлодар қаласында Шығыс Қазақстаннан келген «Алтай» әйелдер волейбол командасы Қазақстан Республикасының тұрақты чемпионатының бесінші рет жеңімпазы атанды.

– Шығыс Қазақстан құрамасы кезекті рет жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жетуге ұмтылды. Финалдық матчта 3:1 есебімен Өскемен командасы талдықорғандық команданы жеңді. Плей-офф кезеңіне команда 1 орыннан шықты. Жартылай финалда «Алтай» командасы турнир кестесінде төртінші орында тұрған «Алматы» командасымен сайысты. Екі кездесуде «Алтай» қарсыластарын жеңіп, «Жетісу» командасына қарсы финалға шықты. Финалда «Алтай» екі кездесуде де жеңіске жетті, бірінші күні 3:2, екінші күні 3:1 есебімен,  – деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстанның бес дүркін чемпионы болып «Алтай» волейбол командасы атанды.

Клуб құрамына ұлттық әйелдер лигасының екі командасы және ерлер ұлттық лигасының бір командасы, сондай-ақ екі жастар командасы енеді. Клубтың ұраны: «Табысқа мықтылар ғана жетеді!».

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo