Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

БҒМ гранттық қаржыландыру конкурсында «Алтайтану» орталығының екі жобасы жеңіске жетті

Қазақстанда «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері» (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» басым бағыты бойынша ҚР БҒМ-нің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы аяқталды.

Жеңімпаздар қатарында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Алтайтану» ҒЗО ұжымы бар, ғалымдардың беделді конкурсқа қатысу үшін берген екі жобасы да мақұлданды.

ҰҒК сарапшыларымен ашық талқылау барысында ғылыми идеялардың өзектілігі мен жаңалығы, зерттеу әдістері мен тәсілдерінің инновациялылығы, сондай-ақ жобалардың пәнаралық сипаты мен болжамды синергетикалық әсері жоғары бағаланды:

1) «Қазақстандағы заманауи қалалық кеңістік (қалыптасу тарихы, өзекті үрдістер мен перспективалар)» (ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер А.Н. Алексеенко). Жоба бойынша жалпы балл саны – 46,33 (МТЭҰО сарапшылары – 32,33 бал, ҰҒК сарапшылары – 14 бал).

2) «Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздік деңгейін бағалау» (ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтайтану» ҒЗО директоры Ж.С. Әубәкірова). Екінші жоба бойынша жалпы балл саны – 45,05 (МТЭҰО сарапшылары – 35 бал, ҰҒК сарапшылары – 10 бал).

Екі жоба бойынша қаржыландыру сомасы 50 626 955 теңгені құрайды.

Білім және ғылым министрлігі байқауының нәтижелері маңызды, бірақ ғылыми-зерттеу орталығының жалғыз жетістіктері бұл ғана емес. Орталық үш адамнан тұрады, орталық директоры – Жанна Сәкенқызы Әубәкірова, тарих ғылымдарының кандидаты, «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2019» республикалық конкурсының жеңімпазы, бас ғылыми қызметкер – Александр Николаевич Алексеенко, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның жетекші демографтарының бірі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, көптеген республикалық және облыстық әлеуметтік зерттеулердің ғылыми жетекшісі және үйлестірушісі, бас ғылыми қызметкер Элеонора Олеговна Столярова.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo