Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы отандық ғылымдағы жаңашылдықтар туралы айтты

1 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыс сапарымен келеді.

Болатбек Серікбайұлы Әбдірасылов ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, құжат бойынша «біз межені анықтайтынымызды, бұл жұмыс бағытының барлық аспектілері нақты көрсетілген координаталар жүйесі екенін» атап өтті.

Ғылымды дамытудың басым бағыттары ішінде – энергетика және машина жасау, табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ақпараттық технологиялар, өмір мен денсаулық туралы ғылым және т.б.

Б.С. Әбдірасылов ЖОО-ларды басқару қызметі мен формасына қатысты дайындалып жатқан заң жобасы туралы, шетелдік тәжірибеге жақындастырылған, жоғары білімді дайындау жүйесі алдында тұрған, ЖОО-лар алдында тұрған жаңа міндеттер туралы айтып берді. Мәселен, ғылымдағы алдағы өзгерістер мен бастамалар арасында – ғылыми инфрақұрылымды басқару, жаңғырту жүйесін жетілдіру, ғылымға білікті және жас мамандарды тарту, PhD докторлары сапасын жақсарту, цифрландыру және т.б. тұр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы сапары аясында «Назарбаевтану», «Зияткер» ғылыми-білім беру орталықтарына, Біліктілікті растау орталығына экскурсия жасап, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми жетістіктері экспозициясымен танысты.

Әкімшілік ғимараттың акт залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша университет ғалымдарымен және ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында ШҚМУ ғалымдары Э.О. Столярова («Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім»), А.М. Жилкашинова («Қалпына келетін энергия көздері саласындағы зерттеулердің келешегі»), Б.К. Рахәділов («Ғылым мен техниканың дамуы – бәсекеге қабілеттіліктің кепілі») баяндама жасады.

– Университеттеріңіздің және еліміздегі өзге де жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті дамып, іске асатынына кәміл сенемін, – деп түйіндеді кездесуді Ғылым комитетінің төрағасы.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo