Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біліктілікті бекіту орталығында әлеуметтік қызметкерлерге біліктілігін бекіту курсы өтті

19 мен 24 қыркүйек арасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесімен ынтымақтастық аясында әлеуметтік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

«Психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметтер», «Қарттар мен мүгедектерге күтім көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметтер» бағдарламалар бойынша оқыту курсы жүргізілді.

Тыңдаушылар әлеуметтік жұмысқа арналған әдіснамалық тәсілдерімен, Қазақстан Республикасы тұрғындарын заңнамалық-нормативтік қорғау базасымен, әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы технологияларымен, мүгедек және психоневрологиялық аурулары бар балалар үшін қозғалмалы және дамыту ойындарын ұйымдастыру әдістерімен танысты.

Әлеуметтік жұмысқа әлеуметтік-медицина және психологиялық аспектерге ерекше назар аударылды.

Тыңдаушылар қорытынды тестті жақсы тапсырып, сертификаттарға ие болды.

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo