Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім беру жүйесіне берілген басымдылық жетістіктерге жетелейді...

«Қазақстан Республикасының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы»: «...Инновациялық экономиканы қалыптастырудың қажетті шарты серпінді экономикалық өсудің және қоғамның әлеуметтік дамуының маңызды алғышарты, елдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің шарты болып келе жатқан білім беру жүйесін жаңғырту болып табылады...

...2015 жылға қарай Қазақстанның бір ЖОО әлемдік жүз үздік университеттер рейтингінде белгіленетін болады. 

Оқуын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ жастарға, сондай-ақ сапалы жоғары білім алуына мыналар арқылы көмек көрсетіледі:

- мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту;

-оқуға арналған гранттардың көп сатылы жүйесін әзірлеу;

- өңірлік мамандандыруды ескеретін ғылыми-зерттеу және қолданбалы білім беретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру;

- ЖОО оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындарда міндетті түрде практикадан өтуді заңнамалық бекіту..» керектігін  қарастырған болатын.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңы бойынша, «...білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау ...» .

Ұлттық білім жүйесінің бүгіні мен ертеңіне көз жүгіртсек, тек жақсылықтар нышанына толы екеніне көз жеткізіп, бүгінгі күннің жетістіктерін болашақ жеткіншектер санасына жеткізе алатын ұлттық білім жүйе қалыптасқанына куә боламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы (31 қаңтар 2017 жыл) Қазақстан дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын мағыналы да маңызды құжат ретінде ұзақ мерзімді қамтитын мақсаттар мен кезек күттірмес шешілуі тиіс міндеттерді айқындап берген  тек алға жетелейтін бағдарлама десек, қателеспеген болар едік.

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқының  бүгіні мен ертеңін алыстан болжап қана қоймай, сын-пікір мен сындарлы ой салар үлкен мәселелерді алдыға қойып, оны бірлесе шешуді басты мақсат еткені белгілі.

   Сәл кейін шегініп, өткенге көз жүгіртсек, Елбасы 2014 жылғы қаңтар айындағы Халыққа Жолдауында Қазақстанның  болашағы әлеуметтік, экономикалық жағынан зор екенін айта келіп, ел әл-ауқатының күннен-күнге өсе түскенін тілге тиек етіп, болашақтың еншісінде «Мәңгілік ел» болып қалу керектігін саралады.

  Шынында да, біздің мемлекет «Мәңгілік ел» болуға лайықты ел. Себебі, қазақ деген ұлы халықтың Көшбасшысы - Елбасы барда біздің қазірдің өзінде мәңгілік елге айналғанымызға дау жоқ.

 «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақтың» жалғасы ретінде өрбітіп, онда «Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі...» -деп атап өтті.

Жолдаудың қайсысын алсақ та, одан болашаққа деген сенім мен  нық қадамды көріп қана қоймай, «...жастар біздің болашағымыз» деген Елбасының сөзінен қуат алған жастарымыздың бәсекелестікке қабілеттілігі мен білімге құштарлығын көргендейміз.

Білімділік - бәсекелестікті туындатады. Бәсекелестік - қабілеттіліктің бастауы. Қабілеттілік - жаңашылдық жаршысы.  Жаңашылдық - болашақ кепілі. Болашақ - басымдылыққа бастайды.

Биылғы жылғы Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы тұңғыш рет жазбаша түрде жарияланып, онда басымдылыққа баса назар аударылды. Ол басымдылық- экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Жолдаудың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуы да тегін емес. Себебі, «үшінші жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары ғана емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақшы. Елбасымыздың ең басты мақсаты - жай ауызбен айтылатын қағида емес, нақты істердің жол картасын жасап беру».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы «төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсартуға» арналғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Елбасы «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет...» деп көрсете келе, «...үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі...» жайлы да баса көрсетті.

Сондай-ақ, «...Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» деуі бүгіні студент ертеңгі мемлекеттің көркеюіне үлес қосатын жастарымызға тасталған ұран іспеттес. Шынында да, ақпарат ағыны толассыз жүріп жатқан бүгінгі таңда жастарымыздың кез келген тілде еркін сөйлеуі алысты «жақындатып», болашақ бағдарына  жол ашады.

Мемлекет басшысының «тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек» деу де кәсіптік білімі жоқ ересек адамдарды қамтуды басты орынға қойғанына куә етеді.

Бұдан бұрын да Елбасы дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмыс істеуді ұсынғаны белгілі. Дуалды оқыту жүйесі  Елбасы айтқан «кәсіптік білімі жоқ ересек адамдарға» өте пайдалы. Себебі, кәсіптік білім алатын ересек адамдар  теорияны өндіріспен ұштастыра оқудың нәтижесінде аз уақыттың ішінде өз мамандығының шебері болып шығады.

Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімнің құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы  және  ішкі факторлардың негізінде айқындалады. Осы тұрғыдан жалпы білім беру жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады.  Сол жаңашыл үрдіс ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз» деген сөздері де жастарға жігер беретіні сөзсіз.

Өзімізге белгілі, «Білім» сөзі-өте күрделі және көп мағыналы  ұғым. Жалпы мағынасында білім - адамның жүйеленген білік, дағдыларын меңгеру үрдісі мен нәтижесі.

Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені «XXI ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек?» деген сауалға жауап берері анық. Демек еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім нәтижесінің  нақты көрсеткіші болмақ.

Білім берудің  бағыт-бағдары «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың  Мемлекеттік құжаттарында» негізделген.

Білім беру- жас ұрпақ санасына жаңа жетістіктер мен жаңа ізденістерді ұялатып қана қоймай, оны ары жетілдіре білуді түсіндіре отырып, өмірде пайдалана алуын да қамтамасыз ету. Олай болса, қазір не істелуде немесе не істеліп жатыр деген сұрақтар артық сияқты. Себебі, атқарылып жатқан істер Қазақстан Республикасының экономикалық-құқықтық кеңістігі дамуының қазіргі мәселелеріне кіріп, оның   беталыстары  мен басымдықтарын айқындап бергендей.

 Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №205 Жарлығымен бекітілген бағдарламасының «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөліміндегі сөзін айтсақ та жеткілікті сияқты. Дегенмен де, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осы бағдарламадағы: «...Инновациялық экономиканың тиімді көрсеткіші болып жоғары оқу орындары ғылымын дамыту тренді көрсетілген. Университеттер мен бизнес-құрылымдарды интеграциялау күшеюде.

  IMD рейтингінде жоғары білім экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін жетекші елдер тобына Швеция, Сингапур, Дания, Канада, Финляндия кіреді. Қазақстан әлемнің 60 елінің ішінде 44-орынды иеленіп отыр.

Зерттеу ЖОО-ның даму жобалары іске асырылуда. Қытайдың зерттеу университеттеріне салған инвестициясы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.

    Ұлыбританияда зерттеу университеттеріне көңіл бөлу елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етті. 2010 жылы Ұлыбританияның Russel Group тобына біріктірілген 20 ЖОО 22,3 млрд. көлемінде табыс әкеліп, 243 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті. Russel Group университеттерінің ҒЗЖ нәтижелерінің 2/3-інен астамы елдің экономикасына, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салаларына енгізілуде...» деген сөздері бүгінгі ұлттық білімнің бүгіні мен ертеңін айқындап бергендей.

Қазіргі қоғам  дамуының жалпы білім беру мазмұнына  қоятын  талабы - жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым- қатынас нормаларын қалыптастыру.

Еліміздің экономикалық әлеуметтік мәдени саласы өскен сайын  қоғам дамуының барлық саласындағы  болып жатқан  өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңаруда. Білім және ғылым қызметкерлерінің  III съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «...білім беруді дамытудың таяу жылдарға арналған жаңа бағдарламасында біз әлемдік тәжірибені ескеруге, кейбіреулер аңсап жүргеніндей, кеңестік үлгідегі бұрынғы жүйеге  оралу емес, әлемдік тәжірибені негіз етіп алуға тиіспіз.  ...Сондықтан жаңа бағдарламада әлемдік үрдістерге бағдарлану, оза жүру әдісімен жұмыс істеу керек»  - деп атап көрсетті.

Көріп отырғанымыздай, еліміздегі жеткен жеңістіктерге сай дамып  отыратын салалардың бірі ретінде білім саласы да өзгеруде, өзгеріп қана қоймай, келелі жетістіктерге қол жеткізіп, жаңалықтың жаршысы болып жаңаруда. Ұлттық білім мен ғылымның болашағы осылайша дамып, білім сапасының жақсаруы жаңа технологияларды меңгеруге жол ашуда.

Білім мазмұны  мен  материалдық -техникалық базасын  жаңарту, білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне  ықпалдастыру білім беруді дамытудың  стратегиялық обьективті  заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Олай болса, әр халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени ерекшеліктері диалектикалық бірлікте негізделіп, жалпы білім мазмұнын жаңартудың басты көзі болып табылады.

Жоғары оқу орнының білім деңгейі жететін жетістіктің шегіне жетті деуге толық негіз бар, десек те, барды қанағат тұтпай, ары қарай  білімді жетілдіре беру басты мақсат. Ол үшін үздіксіз білім беруді мектепте, одан әрі жоғары оқу орнында одан әрі жалғастыру қажет. Бұл-үрдіс бұрыннан қалыптасқан үрдіс, сонда да болса, үздіксіз білім беруді жетілдіре отырып, білім жүйесін дамыта беру қажет  сияқты.

Жалпы білім беру жүйесінде үздіксіз білім беруді жүзеге асыру тігінен интеграциялауға негізделеді, басқыштар ұстанымдылығы, мектеп алды, бастауыш, орта, ортадан кейінгі бірінен екіншісіне өтудің алғышарты болуына мүмкіндік жасайды.

Сондықтан, біздің ойымызша, инновациялық жаңалықтарды күнделікті білім үрдісінде пайдалану, жаңа технологияларды пайдалану, әртүрлі бағыт-бағдар беретін бағдарламалар арқылы студенттердің білімін жетілдіре беру,  санасы сергек болу үшін үнемі сабаққа деген қызығушылығын арттыра білу қажет сияқты. Әрине, бұлардың бәрі де жастарымыздың бойында бар,  дегенмен де,  жетілдіру ешқашанда артықтық етпесі анық. Сонда ғана ұлттық білім жүйесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Үшінші жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары ғана емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақшы».

Олай болса, нақты мақсаттан міндетке айналып, шешімін тапқан мәселелердің одан әрі шешімін  тауып, өркендей беретініне еш күмән болмаса  керек. Оған мүмкіндік те, талап та, қолдау да бар.

Р.Орсаева,

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғ.к.

Қазақ
× You found a Typo