Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім ошағында белгілі журналист Айнұр Омармен семинар-тренинг өтті

 С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика мамандығының студенттеріне «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Апта» бағдарламасының аналитик-редакторы Айнұр Омар шеберлік сағатын өткізді.

  Кездесу барысында Айнұр Болатханқызы өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Студенттердің теория жүзінде алған білімдерін сұрақ қою, журналист этикасы туралы тәжірибесімен сабақтастыра отырып, өзінің өзекті мәселені көтерген сюжетін көрсетті. Болашақ журналистердің біліктілігін сынайтын ойындар ұйымдастырып, жақсы стендап жасауға машықтандырды. Осынау университеттің түлегі ұстаздарымен  жүздесіп, жайдарлы, қызықты сәттерге саяхаттап қайтты.

Өз кезегінде оқытушылар да естен кетпес естеліктерімен бөлісті. Анұр Болатханқызы қазір «Журналистика» мамандығында дәріс беріп жүрген ардагер журналист Айтмұхамбет Қасымов шәкірті болғанын айта кеткен орынды. Айтмұхамбет Қасымұлы болса, архивтерге үңіліп, келген мейманның оқушы кезіндегі фотосын табыс етіп, жылы лебізін білдірді. Рухани байлықтың көзі саналатын кітаптарын тарту етті. Ал қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Айжан  Картаева шәкірті жайлы естелігімен бөлісті.

 – Екеуміз де Қанипа Омарғалиқызының шәкіртміз. Айнұр қашан да әдебиетте өзін үздік қырынан көрінетін. Онымен қоса, өжеттілігі де бүгінде білікті маман болуына себеп болды десем, артық айтпаспын. Айнұрды Хан апамыз «Лағым» деп отырушы еді – деді.

Сондай-ақ Айжан Маратбекқызы өзі бітірген оқу орнындағы жас журналистерге шеберлік-сыныбын өткізген аналитик-журналиске алғысын білдірді. Кездесу соңында университет ректоры, профессор Мұхтар Төлеген Айнұр Омарға алғыс хат ұсынды.

Фатима Тілейханқызы,

Күмісжан Исан,

журналистика мамандығының 1-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo