Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім және ғылым министрі облысымызда болды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс сапары барысында облыстағы білім нысандарында болды.  

Ол Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен бірге облысымызға Елбасы Жолдауын талқылау аясында келді.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Шығыс Қазақстан Мемлекет басшысының білім саласына қойған міндеттерін орындау бойынша көш бастап келеді және осы салаға жіті назар мен қомақты қаржы аударуда.

– Өңірде мектептер құрылысының көптігіне орай үшауысымды және апатты мектептер жоқ, үштілділікті дамыту, мектептерді материалдық-техникалық жабдықтау бағытында табысты жұмыстар атқарылуда, – деді министр.

– Соңғы үш жылда Шығыста үштілділік, НЗМ стандарттарын енгізу сияқты бірегей облыстық жобалар іске асырылып, оған 5 миллиард теңге қаражат бағытталды. «Менің мектебім» акциясы бойынша 476 заманауи сынып ашылды, – деп мәлімдейді ШҚО Ақпараттық орталығы.

Білім министрі мен еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова бірге Өскемендегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақниет» мектебінде болып, роботты техника, инженерлік дизайн, «Интеллектум» сыныбы, 3D модельдеу бағытындағы жұмысымен танысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo