Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім және ғылым министрі ШҚМУ оқытушыларымен кездесті

Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың, өңірдегі мектептер мен колледждердің оқытушыларымен және білім басқармасы басшыларымен кездесті.

ШҚМУ-да өткен кездесуде Асхат Қанатұлы мұғалімді дербес дамытуға және оқу үрдісін жетілдіруге бағытталған саладағы жаңашылдықтар туралы айтты.

– Биыл «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Біз мектептерге тәлімгерлік институтын енгізбекпіз, тәжірибелі ұстаз жас мұғалімге қамқорлық көрсетіп, сол үшін үстемеақы алатын болады. Өзге де қосымша ақылар қарастырылған, – деді министр.

Ол оқыту сапасын арттыру, кәсіби бағдарлауды ширату, сонымен қатар ҰБТ, оқулық, мұғалімдердің шектен тыс жүктемесі, көп есептілік мәселелері жөнінде айтты. Министр, сондай-ақ, ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) мен аттестацияның болмайтынын жеткізді.

– Енді дуальді оқу жұмыс өтілі ретінде саналмақ. «Жас маман» бағдарламасы бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО-ның материалдық базасын нығайтуға 56 миллиард теңге бөлінді. Мұғалімдерді оқыту жұмыстары да басталды, – деді сала басшысы.

Министр жалақының өсуі туралы да айтты.

– Президенттің тамыз конференциясында берген тапсырмалары аясында алдағы төрт жылда мұғалімдер жалақысы екі есе өседі. Яғни, келер жылдың өзінде ұстаздардың еңбекақысы 25 пайызға артады, – деді ол.

Сапар соңында министр ШҚМУ-дың даму қарқынына, енгізіп жатқан жаңашылдықтарына оң баға беріп, оқытушыларға табыс, студенттерге сапалы білім алуды тіледі.

Фото https://cloud.mail.ru/public/47nQ/R8qbEWNpU

Баспасөз қызметі     

Қазақ
× You found a Typo