Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім және ғылым министрі «Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметінің мәжілісінде сөйлейтін сөзінің жобасы

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары туралы» мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде сөйлейтін сөзінің жобасы, Астана қ., 2018 жыл 7 тамыз.

Осы жылы ҰБТ он бесінші рет өткізілді. 2004 жылдан бастап ҰБТ-ға 1 млн 775 мың мектеп бітіруші қатысты. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 80%-ын құрайды. 2017 жылға дейін ҰБТ екі функцияны атқарды: 11 жылдық оқуды аяқтайтын қорытынды емтихан және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары.

Өздеріңізге белгілі, тестілеудің бұл форматы 2017 жылы өзгерді. Енді қорытынды аттестаттау немесе бітіру емтихандары мектепте өткізіледі, ал ҰБТ – жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарды тағайындау емтиханы болып қалып отыр.

2017 жылдан бастап «Алтын белгі» мектепте беріледі. Осы жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны 6 мың 800 адамнан асты.

Ағымдағы жылы талапкерлер үшін тестілеуден өту рәсімдерін жетілдіру мақсатында келесі өзгерістер енгізілді:

Біріншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге ақпараттық парақ берілді. Онда сол баланың таңдаған профиліне сәйкес бара алатын мамандықтар тізімі, әр мамандыққа бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының өту балы көрсетілген. Барлық маңызды және қажетті ақпарат әр балаға ұсынылды. Бұл бітірушіге ҰБТ-да жинаған балымен, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, ҰБТ-ға белгілі жағдайға байланысты қатыса алмаған бітірушіге келесі потокта немесе кешенді тестілеу барысында тапсыру мүмкіндігі берілді.

Үшінші, қабылдау кезінде Қазақстан бойынша бірыңғай call-центр іске қосылды.

ҰБТ-ға қатысу үшін 100 мыңнан астам түлек өтініш берді. Оның ішінде 75 пайызы қазақ тілінде және 25 пайызы орыс тілінде. Сәйкесінше комиссияның шешімімен жалпы гранттардың 75 пайызы қазақ тілінде және 25 пайызы орыс тілінде білім алуға берілді. ҰБТ-ға 98 мыңнан астам адам қатысты. ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл 83. Өткен жылы бұл көрсеткіш 80 бүтін оннан бес балды құрады. Шекті деңгейден 84 мың бітіруші, яғни қатысушылардың 85 пайызы өтті.

ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 51 бала қатысты. Оларға жеке аудитория берілді, көмекші, сондай-ақ ымдау тілін білетін маман көмек көрсетті.

ҰБТ-дан ең жоғары 140 балды тек ғана бір бітіруші жинады. Ол - Алматы қаласының тұрғыны Шиара Құдайбергенова.

Сондай-ақ, соңғы жылдары ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер арасында рейтинг өткізілмейді. Осыған орай әкімдіктерге ҰБТ нәтижесі бойынша рейтинг жасамау қажет екендігін атап өтеміз.

ҰБТ-да 30 мыңнан астам тест сұрақтары берілді. 243 апелляциялық өтініш түсіп, оның ішінде 101 өтініш қанағаттандырылды.

ҰБТ кезеңінде республикалық штаб құрылды. Оның құрамына Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері кірді.

Ағымдағы жылы тестілеу барысында 82 мыңнан астам тыйым салынған заттар, оның ішінде 54 мыңнан астам ұялы телефон, роутер, модем сияқты және 28 мыңнан астам қағаз жүзіндегі заттар алынды. Жыл сайын мұндай фактілер кездесіп отырады. Бұл бағыттағы бақылауды әрі қарай да күшейтетін боламыз.

ҰБТ өткізу кезінде 1 мың 200 аудитория қолданылып, олардың 90 пайызы онлайн трансляциямен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Сондай-ақ, ҰБТ өткізу кезінде орталықтар 4G стандартты байланыс сигналдарын басатын құралмен, металл іздегіштермен толығымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар ҰБТ өткізу орталықтарында тамақтандыру және ата-аналар үшін күту орындарын, медициналық қызмет көрсету, қоғамдық тәртіпті және қажетті қауіпсіздік жұмыстарын толығымен қамтамасыз етті.

Сол үшін жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдіреміз.

Министрлік ҰБТ тапсыру, вуз-дарға қабылдау мәселелері бойынша ресми сайттар мен аккаунттар, call-center мен интернет арқылы халық арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ал, кешенді тестілеуге (КТ) келсек, ол 14-18 шілде аралығында 48 вуз-дың базасында өткізілді.

КТ-ға қатысуға 45 мыңнан астам адам өтініш беріп, 42 мың 700 адам немесе өтініш бергендердің 93 пайызы қатысты. Жалпы шекті деңгейден қатысқандардың 56 жарым пайызы өтті.

Жалпы алғанда, барлық шаралар штаттық режимде өтті.

Қазіргі уақытта мемлекеттік білім гранттарын тағайындайтын республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Нәтижелері кеше СМИ-де және 7-8 интернет ресурстарда   жарияланды.

Биыл мемлекеттік білім гранттарына қосымша жергілікті атқарушы органдар есебінен 2 мың 700-ге жуық грант бөлініп отыр. Нормативтік база дайын. Бұл гранттар айдың аяғына дейін бөлінеді.

Тағы бір айта кететін мәселе, ҰБТ және КТ тапсырмаған және шекті деңгейден өтпеген балалар үшін тестілеуді қайта тапсыру  15-19 тамыз аралығында өткізіледі.

Бұл тестілеуден шекті балды алмаса, өткен жылдағыдай вуз-ға бір семестрге оқуға қабылдау мүмкіндігі сақталып отыр.

Министрлікке педагогикалық қауымдастық пен ата-аналар тарапынан жыл бойы ҰБТ мен КТ-ға қатысты  ұсыныстар келіп түсуде. Оның ішінде:

- ҰБТ мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқаратын болған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізу;

- ҰБТ вуз-ға түсу емтиханы болғандықтан, ҰБТ өткізу процесінен мектеп мұғалімдерін босату;

- мектеп балаларды ҰБТ-ға емес, мектеп программаларын игеруге дайындауы қажет болғандықтан, мектептерде сынама (пробное) тестілерін өткізбеу;

- мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы басқа.

 Осы ұсыныстарды тамыз кеңесінде кеңінен талқылап, нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз.

Ресми Интернет-ресурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

Қазақ
× You found a Typo