Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім және ғылым министрі ЖОО ректорларымен және проректорларымен кездесті

Ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалық құжаттарда, оның ішінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, сондай-ақ жаппай цифрландыру заманында білім беру саласына көп назар аударылады. Өйткені сапалы білім - барлық бастамалардың сәтті жүзеге асуының кепілі, ал университеттер өз кезегінде еліміздің экономикалық драйверіне айналуы тиіс.

Осы ретте ағымдағы жылы 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өңірлердегі жоғары оқу орындарының ректорларымен және проректорларымен кездесті. Е.Сағадиевтың айтуынша, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігінің кеңеюі ЖОО-ларға студенттерді қабылдау тәртібін реттеп, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын анықтау құқығын бермек. Бұрын-соңды мұндай мүмкіндіктер тек ұлттық жоғары оқу орындарында ғана болатын. Е.Сағадиев елде орын алып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы реформалардың қатарында білім беру саласына баса мән беріліп отырғандығына ерекше тоқталып өтті.

Жиын барысында сонымен қатар білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетов баяндама жасады. Өз сөзінде вице-министр жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобасын жетілдіру бойынша қыруар жұмыстар атқарылғандығына тоқталып өтті. Кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, жиынға қатысушылар мазалап жүрген сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=2925&#

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ
× You found a Typo