Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биология кафедрасында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Шығыс Қазақстан ара шаруашылығының жетістіктері» атты конференция өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Биология кафедрасында жұмыс берушілердің қатысуымен «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Шығыс Қазақстан ара шаруашылығының жетістіктері» тақырыбында конференция-дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша конференцияны Биология кафедрасының оқытушылары С.С. Колосова және К.Б. Алипина ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Риддер қаласы Орман шаруашылығы ҚазҒЗИ директоры А.А.Калачев, «Пасека» шаруа қожалығының басшысы В.М. Қасымбаев шақырылды.

Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Шығыс Қазақстан омарташылығы саласындағы түрлі тақырыптар талқыланды. Конференция жоғары, кәсіби деңгейде өтті, қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, оларға осы сала мамандарынан жауаптар алды.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo