21 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасында «Кел, танысайық!» дәстүрлі кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.
Дәстүрлі іс-шараға шетелден келген дайындық тобының тыңдаушылары және қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара қонақтары – Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Алтай бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері Б. Әубәкіров және А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепің жоғары санатты мұғалімі Ж. Боранбаева өз мамандықтары туралы толыққанды деректер берді.
4 курс студенттері биология мамандығы, жаңа оқу бағдарламасы, студенттер жүргізіп жатқан ғылыми жұмыстар, іс-тәжірибелер, студенттік өмір жайлы айтты.
Биология кафедрасы