Биология кафедрасы «Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны» ғылыми-білім беру кешенімен бірлесе тікелей трансляция түрінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Тікелей эфирге кафедра оқытушылары, студенттері, Зайсан қаласы гагарин орта мектебі, Адам Мицкевич университетінде (Познань, Польша) оқып жүрген 2 курс магистранты Шынар Түстібаева қатысты.
Олар кафедраның білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, ШҚМУ-да оқудың артықшылықтары тақырыптарын талқылады.
Мектеп оқушылары Ш. Түстібаеваға, Шәкәрім университетінен (Семей) келген студенттерге академиялық ұтқырлық бойынша сұрақтар қойды.
Кафедра Гагарин мектебінің оқушыларын жыл сайынғы «Тірі планета» олимпиадасына қатысуға және ШҚМУ-да оқуға шақырды.
Мұндай форматтағы кәсіби бағдар беру жұмысы алда да жалғасады.
Биология кафедрасы