Қазақ халқы мен барша түркі жұртының тәуелсіздігін аңсаған күрескер, түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат Мұстафа Шоқайдың өнегелі өміріне арналған тәрбие сағаты қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша «Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.
Елі үшін өз өмірін қиған арыстардың қызметі мен шығармашылығы – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Туған жерінен қуғындалып, сұрқия саясаттың құрбанына айналған М. Шоқайдың тағдыры бүгінгі жастардың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатары сөзсіз.
Топ кураторы – биология кафедрасының доценті Ж.Т. Игісінова
Биология кафедрасы