Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биология кафедрасында педагогикалық іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өтті

Биология кафедрасы педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша бейнеконференция арқылы (онлайн форматта) қорытынды конференция өткізді, онда «Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің есептері тыңдалды.

Қорғауға 2020 жылғы 25 маусымдағы №597-ст бұйырық бойынша бекітілген педагогикалық практика жетекшілері – Биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Анаргүл Сайлаубекқызы Шәріпханова мен Биология кафедрасының оқытушысы, магистр Әйгерім Амангелдіқызы Тоқтасынова және комиссия төрайымы, Биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. А.А. Кітапбаева мен комиссия мүшелері – А. Байтұрсынов атындағы №20 мектептің биология мұғалімі Ж.К. Боранбаева, Биология кафедрасының аға оқытушысы, биология магистрі Б.Қ. Кәрменова қатысты.

Қала мектептерінде іс-тәжірибеден өткен студенттер көктемгі семестр бойы орындалған жұмыстар бойынша презентацияларын ұсынды, қашықтан оқыту шеңберінде оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы, сабақтар мен түрлі іс-шараларды өткізу кезінде кездескен қиындықтар мен әсерлері туралы айтып берді. ZOOM платформасында өткен қорытынды конференцияда студенттер, басшылар және комиссия мүшелері С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында онлайн мектеп шеңберінде өткен сабақтар мен іс-шараларды талқылады, өйткені практиканттар осы онлайн мектептің еріктілері болды.

Биология кафедрасының педогогикалық іс-тәжірибе жетекшілері б.ғ.к., доцент А.С. Шәріпханова, биология магистрі, оқытушы А.А. Тоқтасынова студенттердің атқарған жұмыстарына жоғары баға бере отырып, комиссия мүшелерімен бірлесіп қорытынды бағаларын шығарды.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo