Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биология кафедрасының филиалында студенттер дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады

19 мамырында «Биология» мамандығының студенттері биология кафедрасының филиалында дипломдық жұмыстарын қорғады. Дипломдық жұмысты қорғау өте жақсы атмосферада өтті.

Мемлекеттік аттестациялық коммисияның төрағасы б.ғ.д., ШҚМТУдың профессоры А.Л. Воробъев және мүшелері б.ғ.д., профессор, ШҚМУдың стратегиялық даму және ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры А.Б.Мырзағалиева, б.ғ.к., кафедра меңгерушісі А.А. Китапбаева, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп гимназия интернатының оқу жөніндегі директордың орынбасары Б.С.Құсайынова, биология пәнінің жоғарғы санаттағы мұғалімі, филиал жетекшісі Ж.К.Боранбаева дипломдық жұмыстарды тыңдап тиісті қорытындыларын шығарды. Сонымен қатар, ғылыми жетекшілері А.С.Шәріпханова, Ж.Т. Игісінова, Б.К. Карменова мен топ эдвайзері Г.К. Комекова қатысты.

Студенттер өздерінің дипломдық жобаларын өте жоғарғы дәрежеде қорғап, жинаған кеппешөп және коллекциялық материалдарын кафедраға өткізді.

Қорғау соңында түлектер комиссия мүшелеріне өздерінің жүрек жарғы алғыстарын білдірді! Кафедра ұжымы филиал жетекшісі Ж.Боранбаеваға дипломдық жұмыстарды қорғауды ұйымдастырған үшін алғысын білдірді.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo