С.Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасының меңгерушісі А.А. Кітапбаева Erasmus+ Stafj Mobilby for Teaching Assignments (JTA) бағдарламасы аясында Познань (Польша) қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетке барып қайтты.
Халықаралық бөлім мамандары шетелдерден келген биология ғалымдарына Познань маңындағы флора мен фаунаның әртүрлілігін көрсетіп, Ботаникалық бақ пен Пальмерияға саяхат ұйымдастырды. Сонымен қатар, семинар мен шеберлік сыныбы өткізілді.
Семинарда А. Кітапбаева ШҚМУ тарихы мен жетістіктері туралы, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде, биология кафедрасында жасалып жатқан жобалар туралы баяндады.
Қазір ШҚМУ биология кафедрасының 2 курс магистранты Шынар Түстібаева осы жоғары оқу орынында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып, Гербарий кабинетін цифрландыру жобасына қатысуда.
Баспасөз қызметі