23 қазанда биология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Е.П. Рыков орта мектебінің оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.
Кездесуде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті туралы, ЖОО-да білім беру бағдарламасын таңдаудың артықшылықтары туралы жалпы ақпарат берілді.
Содан кейін менеджерлер 6В01505 – «Биология», 6В05101 – «Биология», 6В01512 – «Биология-жаратылыстану», 6В08301 – «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы» білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпарат берді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылардан толық жауап алды. Кездесу соңында мектеп оқушыларымен байланыс орнатып, ҰБТ-ға дайындалуға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Оқытушылар оқушыларға ҰБТ-ны жақсы тапсыруды, сондай-ақ өз болашақтарын құру үшін дұрыс таңдау жасауды тіледі.
Биология кафедрасы