Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биология кафедрасының оқытушылары Күршім және Көкпекті аудандарының оқушыларымен онлайн кездесу өткізді

Биология кафедрасының оқытушылары Күршім ауданы № 1, 3, 4, 5 орта мектептерінің және Көкпекті ауданы Казнаковка орта мектебінің оқушыларымен онлайн режимде кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы өтті.

Кездесу барысында С. Аманжолов атындағы университет туралы, біздің университетте білім беру бағдарламасын таңдаудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, менеджерлер 6В01505 – Биология, 6В05101 – Биология, 6В01512 – Биология-жаратылыстану, 6В08301 – Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпарат берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылардан толық жауап алды. 

Кездесу соңында байланыс орнатып, ҰБТ-ға дайындалуға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Оқытушылар оқушыларға ҰБТ-ны жақсы тапсырып, өз болашағын құру үшін дұрыс таңдау жасауларын тіледі.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo