Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«БИПЭК АВТО Казахстан» АҚ-да ШҚМУ-дың 93 түлегі жұмыс істейді

«БИПЭК АВТО Казахстан» АҚ-ның Департамент директоры Г.В. Щербанёва С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегенге Алғыс хат жолдады. 

«Соңғы екі жыл ішінде компания мен сіздің оқу орныңыз еңбек нарығында сұранысқа ие құзыретті, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті кадрларды даярлау саласында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жемісті серіктестік құрды. Сізге және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына, студенттерге және университет түлектеріне кәсіби және жоғары деңгейдегі дайындық үшін алғыс айтамын», - делінген хатта. 

Г.В.Щербанёваның айтуы бойынша, «БИПЭК АВТО Казахстан» АҚ үшін жас және дарынды мамандарды жұмысқа тарту стратегиялық жағынан маңызды. Сол себепті, ЖОО, колледждермен ынтымақтастықты дамытып, оның шеңберінде «БИПЭК: Жаңарту» іс-тәжірибеден өту бағдарламасы әзірленді. 

«Тәжірибе студенттерге мамандық бойынша жұмыс ерекшеліктерін түсінуге, жұмыс процесіне енуге, теориялық білімдерін бекітуге және практикалық іс-әрекетте кәсіби дағдыларды игеруге мүмкіндік берді», - делінген хатта.

Департамент директоры алдағы уақытта да Компания құрамын жас мамандармен толықтыру үшін серіктестіктің жалғасуына ниет білдіретінін жеткізді. Бүгінде «БИПЭК АВТО Казахстан» АҚ-да С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 93 түлегі жұмыс жасайды. 

 Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo